Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
6 шілде күні «Ұлы дала елі» алаңында Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары Астана...
Борьба с коррупцией является одной из важнейших задач, стоящих перед государством и обществом....
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы қуанышты жаңалықтармен, үлкен үміттермен және толымды нәтижелерге деген сеніммен басталды. Біреулер үшін 1 қыркүйек – мектеп өміріне жасалған алғашқы қадам болса, енді біреулер үшін – таныс парталарға қайта оралу. Ал мектеп бітірушілер үшін бұл – таңдалған мамандыққа бастар жолдағы жаңа, жауапты кезеңнің бастауы.
Білім күні ауданымыздағы Көкпекті орта мектебі мен Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектепте жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шара өтті. Оған ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және қоғам өкілдері қатысты. Мерекелік жиында білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына жылы лебіздер айтылып, ақжолтай тілектер арналды.
Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектепте өткен салтанатты жиынға аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев қатысты.
– Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар, аяулы оқушылар! Баршаңызды дәстүрлі мереке – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн тек жаңа оқу жылының басталуын ғана емес, сонымен бірге жарқын эмоцияларды, ізгі үміттер мен үлкен мақсаттарды ала келеді. Ол – жаңалыққа, достыққа және маңызды жетістіктерге толы жаңа өмір кезеңінің символы. Оқушылар үшін бұл – жаңа білімге ұмтылатын, қызықты жаңалықтар ашатын, тағылымды кездесулерге толы кезең. Әрқайсыңыздың алдарыңызда сабақ пен үй тапсырмасы ғана емес, өз таланттарыңызды шыңдап, байқауларға, спорттық жарыстарға және шығармашылық жобаларға қатысуға мол мүмкіндік тұр. Жаңа оқу жылы сіздер үшін мазмұнды да мағыналы, шабыт пен биік белестерге ұмтылысқа толы болсын! – деді аудан әкімі оқушыларға арнаған құттықтау сөзінде.
Іс-шарадан кейін аудан әкімі оқу кабинеттерін аралап, ашық сабаққа қатысты. Сондай-ақ алғашқы сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар табыстады.
Алғашқы қоңырау – үлкен жолдың бастауы
Бұл күн ауданның ең жас тұрғындары үшін айрықша толғанысқа толы болды. Биыл 236 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, білім әлеміне алғашқы қадамын жасайды.
Әр отбасы үшін бұл – қуаныш пен толқуға, үлкен үмітке толы ерекше сәт. Ал балалардың өздері үшін – өмірлеріндегі жаңа әрі маңызды кезеңнің, алғашқы жаңалықтар мен жаңа таныстықтардың, алғашқы жеңістердің бастауы. Жас шәкірттеріміздің алғашқы қадамдары нық, білімге деген құштарлығы шынайы әрі тұрақты болсын! Балаларға жаңа дүниені қызығушылықпен танып, ұстаздарының ақыл-кеңесі мен тәлімін бойларына сіңіріп, ата-аналарының үмітін ақтап, білімді, тәрбиелі, елін сүйер азамат болып ержетуін тілейміз. Туған өлке мен күллі ел мақтан тұтар азамат болсын!
Жетістіктің артында – ортақ еңбек
Жаңа оқу жылының басталуы – жаңа жоспарлар мен үміттердің ғана емес, өткенге көз жүгіртіп, атқарылған жұмыстарды саралап, қол жеткізген жетістіктерді атап өтетін кезең.
Көкпекті ауданының білім беру жүйесі үшін өткен оқу жылы жақсы нәтижемен қорытындыланды. 2026 жылы 132 оқушы 11-сыныпты тәмамдап, олардың 106-сы Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысты.
Қуаныштысы, 85 түлек мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды. Сонымен қатар Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары аудан түлектеріне 6 ректорлық грант бөлді.
Бұл көрсеткіштердің әрқайсысының артында түлектердің табандылығы мен білімге деген ұмтылысы, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен ерен еңбегі, ата-аналардың үздіксіз қолдауы тұр. Оқушының жетістігі ешқашан кездейсоқ келмейді. Оның негізінде жылдар бойғы еңбек, өз күшіне деген сенім және әрдайым жанынан табылатын жандардың қолдауы жатыр.
Бұл нәтижелер – оқушы, ұстаз және ата-ана еңбегінің ортақ жемісі. Сонымен қатар ауданда сапалы білім алуға және жас ұрпақтың қабілеті мен әлеуетін толық жүзеге асыруына қажетті жағдай жасалып отырғанын айқын көрсетеді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.