Биыл Көкпекті ауданында экономиканы дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында бірқатар...
Көкпекті аудандық "Жұлдыз-Новая жизнь" газетінің 2026 жыл, 22 ақпанында шыққан» №8...
Семей қаласында көкпектілік жерлестер бас қосып, тағылымды кездесу өтті. Аталған жиын аудан әкімі...
Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық...
Елдің жаңа Негізгі заңының жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен...

Ауданымызға жұмыс сапарымен Абай облысы әкімінің орынбасары Оспанов Думан Рыспекұлы, Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қуанбаев Ертай Мүбаракұлы және облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Жакипов Санат Берікболұлы келді.
Әкімдіктің мәжіліс залында Абай облысы әкімінің орынбасары Думан Рыспекұлының қатысуымен ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңейтілген кездесу өтті. Жиынға шаруа қожалықтардың басшылары, сала мамандары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Кездесу ашық диалог форматында өткізіліп, облыстан келген сала басшылары қатысушылардың барлық сауалдарына жан-жақты жауап берді.
Аудан әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы ауданда ауыл шаруашылығы кешенін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатқанын, бұл бағытта бірқатар маңызды жұмыстар іске асырылатынын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы саласы – ауданымыздың негізгі экономикалық драйвері болып табылады.
Сапар барысында Думан Рыспекұлы ауданымыздағы ірі ауыл шаруашылық құрылымдарының бірі – “Елім-ай Көкпекті” ЖШС қызметімен танысып, өндірістік үдерістерді аралап көрді. Сондай-ақ шаруашылық мамандарымен алдағы жоспарлар мен даму бағыттары талқыланды.
Қазіргі таңда “Елім-ай Көкпекті” ЖШС – ауданның ет бағытында жұмыс істейтін ең ірі шаруашылықтарының бірі. Қожалықтың бордақылау алаңында 2200 бас ірі қара бордақылануда. Шаруашылық өкілдері бұл көрсеткішті келешекте 7000 басқа дейін арттыру жоспарланғанын атап өтті.
Ауданымыздың аграрлық әлеуетін дамытуға бағытталған мұндай бастамалар өңір экономикасының өсуіне зор серпін беретіні сөзсіз.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.