Борьба с коррупцией является одной из важнейших задач, стоящих перед государством и обществом....
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет пен қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі. Бұл...
Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 2006 жылғы қазақ сыныбының...
23 маусым күні Көкпекті ауданы Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер...
20 маусым күні Ақсуат ауылында қазақ тарихында өзіндік орны бар көрнекті тұлға, заманында әділ...

20 маусым күні Ақсуат ауылында қазақ тарихында өзіндік орны бар көрнекті тұлға, заманында әділ би атанған, ел басқарып болыс болған, бүгінгі Көкпекті, Ақсуат жерінде өз қаржысына мектеп, медреселер ашқан Тана мырза Тілемісұлының еңселі ескерткіші ашылды.
Ескерткіш кәсіпкер Тоқтаров Кәкен бастаған баба ұрпақтарының қаржылай бірлесуімен бой көтерді.
Игі шараға қатысқан Ақсуат ауданы әкімі Ерсін Кәдірбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, Тана мырза Тілемісұлының тарихтағы қайраткерлік еңбегін атап айтты. Ескерткіш ашылғаннан кейін осынау шараға ерекше қолдау жасап, 50 адамдық арнайы делегацияны бастап келген Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев құттықтау сөзін сөйлеп, Көкпекті мен Ақсуат арасындағы ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан туыстық әрі достық қатынасты тілге тиек етіп өтті.
Тағылымды шараға Ақсуат, Көкпекті өңірімен қатар, республика көлемінен зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері және жергілікті тұрғындар қатысып, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Ашылу салтанаты «Алашқа тұлға болған – Тана мырза» атты тарихи-танымдық конференциямен жалғасты.
ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
Ескерткіш ашылғаннан кейін Ақсуат мәдениет үйінде жоспар аясында “Алашқа тұтқа болған Тана мырза” тақырыбында тарихи-танымдық конференция болды.
Айтыскер ақын Оңғар Қабден жүргізген келелі отырыста тарих ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім университетінің профессоры Мұхтарбек Қарпықұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры Қанат Еңсенов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінің деканы Досбол Байқонақов, PhD доктор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы Еркін Стамшалов, Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының төрағасы, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері, ақын, жазушы Серік Елікбай, Алматы технологиялық университетінің проректоры, ҚР Жоғары білім беру ісінің құрметті қызметкері Қалтай Батхолдин Тана мырза Тілемісұлының ел басқарудағы қоғамдық-саяси ерік-жігері, сіңірген еңбегі, орыс саяхатшыларының жазған жазбалары және тағы басқа тұлғалық қасиеттері жөнінде баяндап, тарихи деректерге тоқталды. Ғалымдар Тана мырзаның Көкпекті сыртқы округында басшылық қызметте болған жылдарын нақты құжаттан табылған деректер негізінде көрсетті.
КӨКПЕКТІДЕН БАРҒАН КӨШ-КЕРУЕН
Көкпекті ауданы Тана Тілемісұлы ескерткішінің ашылуына арналған кешкі гала-концертке арнайы тарту жасап, көш-керуенмен барды. 40 адамнан құралған керуенді Қисық ханды бейнелеген Ермек Сыдықұлы атқа жегілген жеңіл арбамен бастаған, бірнеше атты жігіт бар, тағы екі ат арбасы, жаяулай ән шырқай жүрген сал-серілері бар, барлығы ұлттық киім киген салтанатты топ қалың ел жиылған Ақсуат алаңына думандатып әндете кіріп, сахна төрінде шағын қойылым қойды. Айтыскер ақын Фархат Маратұлы арнау айтып, Інжу-Маржан әжелер ансамблі ән шырқап барып, көпшілікке шашу шашты.
"Саяси карта бөлген қос ауданды,
Тана мырза қайтадан біріктірді",-деп Фархат ақын арнауында жырлағандай, қос ауданның ынтымағы жарасып тұрғаны тағы бір білінді бұл шарада.
Өз тілшіміз
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.