Борьба с коррупцией является одной из важнейших задач, стоящих перед государством и обществом....
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет пен қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі. Бұл...
Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 2006 жылғы қазақ сыныбының...
23 маусым күні Көкпекті ауданы Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер...
20 маусым күні Ақсуат ауылында қазақ тарихында өзіндік орны бар көрнекті тұлға, заманында әділ...

23 маусым күні Көкпекті ауданы Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға ауданның түрлі бөлімдерінде жауапты қызмет атқарып жүрген мамандар, мемлекеттік қызмет ардагерлері, сондай-ақ ауданға қарасты ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілері қатысты. Іс-шара Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбайев құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде аудан басшысы мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызды рөліне тоқталып, қызметкерлердің ауданның дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.
Толығырақ... 
20 маусым күні Ақсуат ауылында қазақ тарихында өзіндік орны бар көрнекті тұлға, заманында әділ би атанған, ел басқарып болыс болған, бүгінгі Көкпекті, Ақсуат жерінде өз қаржысына мектеп, медреселер ашқан Тана мырза Тілемісұлының еңселі ескерткіші ашылды.
Ескерткіш кәсіпкер Тоқтаров Кәкен бастаған баба ұрпақтарының қаржылай бірлесуімен бой көтерді.
Игі шараға қатысқан Ақсуат ауданы әкімі Ерсін Кәдірбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, Тана мырза Тілемісұлының тарихтағы қайраткерлік еңбегін атап айтты. Ескерткіш ашылғаннан кейін осынау шараға ерекше қолдау жасап, 50 адамдық арнайы делегацияны бастап келген Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев құттықтау сөзін сөйлеп, Көкпекті мен Ақсуат арасындағы ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан туыстық әрі достық қатынасты тілге тиек етіп өтті.
Толығырақ...
В Кокпектинском районе продолжаются масштабные мероприятия по мониторингу и уничтожению особо опасных вредителей сельскохозяйственных угодий. По состоянию на сегодняшний день основным вредителем, распространение которого превысило пороговые значения, остается итальянский прус (итальянская саранча).
В 2026 году в районе запланировано проведение обследований на площади 86 600 гектаров по выявлению итальянской саранчи и на площади 101 000 гектаров — по выявлению азиатской саранчи.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.