Формирование антикоррупционной культуры – общая задача

Борьба с коррупцией является одной из важнейших задач, стоящих перед государством и обществом....

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет пен қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі. Бұл...

ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 2006 жылғы қазақ сыныбының...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ –  ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

23 маусым күні Көкпекті ауданы Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер...

ТАНА МЫРЗА ЕСІМІ  ЖАҢҒЫРҒАН КҮН

ТАНА МЫРЗА ЕСІМІ ЖАҢҒЫРҒАН КҮН

  20 маусым күні Ақсуат ауылында қазақ тарихында өзіндік орны бар көрнекті тұлға, заманында әділ...

  • Формирование антикоррупционной культуры – общая задача

    01.07.2026 12:45
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – ортақ міндет

    01.07.2026 12:42
  • ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

    ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

    29.06.2026 05:47
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ –  ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

    29.06.2026 05:39
  • ТАНА МЫРЗА ЕСІМІ  ЖАҢҒЫРҒАН КҮН

    ТАНА МЫРЗА ЕСІМІ ЖАҢҒЫРҒАН КҮН

    29.06.2026 05:32

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

23 маусым күні Көкпекті ауданы Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға ауданның түрлі бөлімдерінде жауапты қызмет атқарып жүрген мамандар, мемлекеттік қызмет ардагерлері, сондай-ақ ауданға қарасты ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілері қатысты. Іс-шара Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбайев құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде аудан басшысы мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызды рөліне тоқталып, қызметкерлердің ауданның дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

 

– Ұлтқа қызмет ету, ел сенімін ақтау – мемлекеттік қызметшілерге жүктелген үлкен жауапкершілік. Бүгінде ауданымызда 136 мемлекеттік қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 98-і жергілікті атқарушы органдарда, ал 38-і орталық және аумақтық мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруда. Олар адал еңбегі мен кәсіби біліктілігінің арқасында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді, – деді аудан әкімі.

Мерекелік жиын барысында бірқатар мемлекеттік қызметкерлер еңбектегі жетістіктері үшін марапатталды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының марапатымен Көкпекті аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Н. Фахрутидинова мен Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А. Акижанова наградталды.

Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Т. Кисин, Н. Назарханов, В. Назекеева, А. Анарбекова, Д. Ахмерова және И.Губанова марапатталды.Сонымен қатар аудан әкімінің Алғыс хатымен С. Құрманғалиева, С. Тұрсынғалиева, С. Кюбаева, К. Нұрлан, А. Әділбеков, А. Насибуллина, А. Сембаев және К. Куржанбаев марапатқа ие болды.

Іс-шара жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімімен жалғасты. Салтанатты сәтте аудан әкімі жас мамандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамалық жинағын табыстап, жауапты қызметтеріне табыс тіледі.Мерекелік кеш ауданның әр саласында еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен ұйымдастырылған әсерлі концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Мемлекеттік қызмет – қоғам тұрақтылығы мен ел дамуының басты тіректерінің бірі. Халықтың сенімін ақтап, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ болсын!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз