Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 

Бүгінгікүндеақжелеңдіабзалжандардыңтосыннанжасағанерлігінебасыңдыиесің. Көкпектіаудандықауруханасыныңперзетханабөлімініңқызметкерлері, ТарбағатайауданынанӨскеменгекетіп бара жатып, жолбойындатолғатқанекіананыңсәбилеріндүниегеәкелуіне бар мүмкіндіктерінсалып, аман-есенбосандырыпалды.

Сенбікүнінесәйкескелсе де перзентханаданорындайындап, барлықмүмкіндіктердіжасағандәрігерлерсолкүнгіоқиғаныкүлеестерінеалады. Тарбағатайаудандықауруханасынанқоңыраушалып, Көкпектігетаяпқалғандатолғаққысқананалартуралыақпаратберіп, олардыбосандырыпалуларынсұрағанекен. СолкүніауруханадаболғанАйгүлТұрғанбаеважанжақпенхабарласып, қысқауақытаралығындабосандырубөлмесіндайындапүлгерген.

Хабардыестігенбетте акушер Таня Демеубаева менЖұлдыз Юсупова да өзорнынантабылған. ДәрігерлердіңжанындакішімедбикеГүлнұрҚашымбаева да шапшаңқимылменқұрақұшыпжүріпті.

Жолаушыжүктіаналардыбосандырыпалғанакушерлердіңайтуынша, сәбилерешқиындықсыздүниегекелген. Сақылдағансарыаяздажарықдүниеесігінашқан, екіауданныңдәрігерлерінаяғынантіктұрғызғаннәрестелердіңденсаулықтарынаешқандайқауіпжоқдейдіолар.

Біз, жассәбиінбауырынаалғананалардыңқалжағдайынбіліп, аз уақытсұхбаттасыпүлгердік.

АйнұрҚалижанова, Тарбағатайауданыныңтұрғыны, көпбалалыана:

- Ақсуатауылынанұзайбергендетолғағымжиілеп, босанатынуақытымтақапқалғанынсезгенсоңөзіміздіңдәрігерлергехабарласып, не істеукеректігінсұрадық. ЖанымдағыАйғыздыңтұңғышсәбиі, сондықтан, Өскеменгеқалайдажетукерекболды. Соларалықтадәрігерлерхабарласып, Көкпектініңауруханасынабосанатынымдыайтты. Ал, Айғызды ары қарайӨскеменгеалыпкететінболыпты. Мен босаныпқол - аяғымдыбауырымаалыпесжинағанкезімдеАйғыздыңтолғағыкеліп, оны да Көкпектідебосандырыпалуға тура келді. БіздіңсәбиіміздіңдүниегекелуінесебепшіболғанКөкпектіаудандықауруханақызметкерлерінеалғысымшексіз. Қазірденсаулығымжақсы, қолданкелгенемдерінжасапжатқандарынаризамын.

АйғызҚайырғазықызы, Тарбағатайауданыныңтұрғыны, жасана:

- Көкпектіаудандықауруханақызметкерлерінеүлкеналғысайтамын. Ақжелеңдіабзалжандарболмағандажағдайымдыелестетутіптіқиын. Тұңғышсәбиімдіақпандатқанборанда, осындайжағдайдадүниегеәкелдім. Солсәттебәріқорқыныштыкөрінгенімен, қазіркүлеескеаламыз. Еңбастысы - нәрестелердіңденсаулығыжақсы.

Жанерке АБЫЛХАН

 

 

 

Келіп жеткен жаңа жылды ауданымыздың оңалту орталығы ең алғашқылардың бірі болып, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Жаңажылдық шырша салтанаты Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде таңғы сағат онның кезінде балалардың жаңажылдық әсем ән шырқауымен басталды. Бүлдіршіндер жарқыраған жасыл шыршаның жанында ән салып, би билеп, алуан түрлі костюмдермен көріністер қойып, мерекенің шырайын ашты. Әр мереке сайын көңілдері шаттыққа толатын оңалту орталығында тәрбиеленіп жатқан балалардың бұл мерекеде де жүздері бал-бұл жайнап, кеуделері қуанышқа толы жүрді.

Жаңа жыл жаңа үміт пен бақытқа жол ашады. Әсіресе, жыл айрығында балғындар аудан басшысының өздеріне деген қамқорлығын сезініп, жасыл шырша жанында сыйлыққа кенелетіні бар. Бұл жолы да бүлдіршіндер аудан әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Таңғажайып салтанатты кешке келген аудан әкімінің міндетін атқарушы Рамиль Сағындықов  барлық жиналған балдырғандар мен ата-аналарды және мекеме ұжымын, 2015 жыл есте қалатындай айшықты оқиғаларға толы болсын, елімізде тыныштық туы желбіреп, жақсы жаңалықтар көбейе берсін! – деп құттықтау сөзін айтты.

Жасыл шырша мейрамы Аяз Ата мен Ақшақарсыз өткен бе? Мереке шырайын кіргізген Аяз ата шыршаға ізгі үмітпен келген бүлдіршіндердің тілегі мен өлең-жырын, тақпақтарын тыңдап, жиі-жиі қомақты қоржынына қол салып, базарлығын таратумен болды.Кештің әділқазылар алқасының шешімі бойынша ең тамаша, таңғажайып маскарадтық костюмдер дайындаған балаларға орын берілді. Атап айтар болсақ, 1 орын Кирилл Бойченко, 2 орынды Әсемгүл Мергембаева, 3 орынды Ержан Қалиасқаров иеленді. Барлық орын алған бүлдіршіндерге аудан әкімі атынан сыйлықтар тапсырылды. Жиналған өзге балалар да құр алақан қайтпай, әрқайсысына тәттілер толтырылған дорбалар беріліп, олар да қуаныш құшағына кенелді. Шат көңілді шапағатты шыршатой балалардың аудан әкімі және келген қонақтармен естелік суретке түсу рәсімімен тәмамдалды.

Асқар Дүйсембекұлы, Оңалту орталығы басшысының орынбасары:

-Жаңажылдық мейрамға келген балаларға өнерлері шыңдалып, білімдері арта берсін, еліміздің беделді азаматтары боп, жүздерінен күлкі кетпесін.

Айгүл Сләмбекова, жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі:

-Жаңа жыл сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын,арман-үміттер ақталатын жыл болсын.Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!

Ботагөз Еркінова, аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорының орынбасары:

– Жылқы жылы жаман болған жоқ, табысты жыл болды десек те болады. Келе жатқан қой жылында барлығына ең бастысы денсаулық, жұмыстарында табыс, ашық аспан тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Тағдыр талайының басына батпандай соққы тигізсе де бұл бүлдіршіндер асқар таудай Отаны, іргесі мықты, өзгелермен терезесі тең елі, қысылғанда тар қолтықтан демейтін елжанды ағаларының арқасында осындай шаттық мерейіне бөленіп жүре берсін деп тілейік.

Назгүл МУРСАЛИМОВА

Өткен аптада аудан әкімі Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасының ұжымымен кездесу өткізді. Бұның басты себебі - аурухана жұмысшылары тарапынан аудандық мәслихат депутатына ұжымдағы біртұтас ұстанымның жоқтығынан туған мазасыз жағдай туралы шағымдануы.

Дүйсенғазы Мағауяұлы дәрігерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерімен шұғылдануға шақырды. Бір-біріне сөз тасып, жан-жаққа арыз жазғанша, Гиппократ антын бергендерін ұмытпау, адамдарды емдеу. Аудан әкімі бұрынғы аурухана басшыларының қызметін қанағаттанарлық деп сараптама жасады. С.Күдербаева мен Е.Бүркітовтың ұйымдастырушылық қабілеттерін бағалады. Олар кезінде ұжымды ұйымдастыра білді, мекеменің ішінде бірлік болды. Ал, С.Таңатарова бас дәрігер болған бір жылдың ішінде емдеу мекемесіне дәрігерлер жетіспей тұрса да, 9 дәрігер жұмыстан кетті. Бұл жақсылыққа апармайды, -деді Дүйсенғазы Мағауяұлы. –Бұл мәселе бойынша осы салаға жауапты менің орынбасарым К.Смаилова қателік жіберген. Мекемедегі тұрақсыз жағдайды ауылдық округ әкімі С.Дүсіпов пен оның орынбасары Р.Вольф уақытында ескертпеген. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мекемелермен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың ішкі жағдайларын біліп отыру қажет. Дүйсенғазы Мағауяұлы фельдшерлік-акушерлік пунктерінің, дәрігерлік - амбулаторияның жағдайлары неліктен жылдан-жылға шешілмейді, - деп өз наразылығын білдірді. Облыстық денсаулықты сақтау басқармасы оларды қаржыландыруды мүлде ұмытты. Аудан әкімі бір жұманың ішінде осы аталған мекемеге барып, ұжыммен кездесіп, олардың жағдайымен толық танысып, осы туралы ақпарат беру туралы ауылдық округ әкімі С.Дүсіповке тапсырма берді. Кездесуде ауыл тұрғыны К.Әжіханова мекемеде дәрігер-гинекологтың жоқтығы туралы айтты. Ол өзінің қызын босандыру үшін облыс орталығына акушердің сүйемелдеуімен барғанын айтты. -Жолда қызым есінен танып қалды, қала дәрігерлерінің арқасында жас әйел баласымен аман қалды, - деді ол.  Жолда май құю станцияларында көлікке құятын жағар-жанар майдың жоқтығы мәселесі туындап, ол жағдай да шешілді. Дүйсенғазы Мағауяұлы К.Әжіхановаға осы жағдайды қағазға түсіріп беруді айтты. Тұрғындарға көмек көрсету үшін әрдайым ауыл әкімдігінде жанар-жағармайдың сақталған қоры болуы керек. Кездесуді қорытындылай келе, аудан әкімі аурухана қызметкерлеріне өз мәселелерін қайта қарауды, бір-біріне деген реніштерін ұмытуды, бұл жақсылыққа апармайтынын жеткізді. Болашақта осындай жанама әсерлерді болдырмау үшін ұжым қызметкерлерінің қарым-қатынасын сауықтыру және ауызбірлік болу керек. Емдеу мекемесіне жаңа басшы сайлау және оның алдына шешімін күткен мәселелер мен міндеттерді қою үшін облыстық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы шақырылады.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін елімізде көптеген игі шаралар атқарылуда. Солардың бірі «Денсаулық жолы» акциясының өткізілуі. Бұл тұрғыда біздің аудандық ауруханада атқарылып жатқан жұмыстар мен қолға алынған шаралар аз емес. Соның бірі – Елбасы белгілеген «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру. Осы тақырыпта аудандық орталық аурухана басшысының орынбасары Әсем  Төлеуғазықызымен әңгімелескен едік.

 -Барлық ауылдар заманауи диагностикалық аппаратуралармен жабдықталмаған,  мамандар мен кадрлық проблемалар да бар. Ауыл тұрғындары дәрігерге қаралу үшін ауданға, кейде тіпті облыс орталығына баруға мәжбүр. 2011-2015 жылдарға арналған осынау «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асырудың маңызы аса зор.Орталық аудандық  аурухана  басшысы Рауфа Сафиоллинованың бастамасымен аудан әкімі, орталық аурухана және Семей қаласындағы Клиникалық Диагностикалық орталықпен бірлесе отырып, үш жақты келісімшарт жасалды.Осы арқылы жұрт арасында әлеуметтік зауал болып отырған туберкулез, обыр яғни, қатерлі ісік, сусамыр, асқазан аурулары, нерв жүйесінің арулары, жүрек -қан тамырларның аурулары секілді факторлардың жолын кесу көзделуде.Осындай мақсатта ең алдымен ауыл тұрғындарының профилактикалық – медициналық тексеруден өту (скрининг) белсенділігін арттыруға күш салынуда. Бұл ретте денсаулық сақтау басқармасы алға қойған міндеттерді басшылыққа ала отырып, облысымыздағы 14 ауданның тек екеуін Жарма және Көкпекті аудандарын жылжымалы медициналық кешен аралап шықты. Өйткені біздің аудан мен Жарма ауданы ғана Диагностикалық орталықтан ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесіне сонымен қатар,  әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу мақсатында мамандарды шақыртқан болатын. Дәрігерлер жоғары білікті мамандардан жасақталған бригадалардың алыс ауылдарға жасап отырған бұл сапары - ауыл тұрғындарына, басқа жаққа бармай-ақ, кеңестер алуға мүмкіндік беретінін атап көрсетуде. Медициналық бригаданың құрамында эндокринологтар, акушер-гинекологтар, хирургтар, онкологтар мен узиолог, неврапотолог сияқты облыстық салауатты өмір салты орталығының мамандары және үш лаборант болды. Лаборанттар компьютерленген механизімдердің арқасында сараптама қорытындысын жылдам әрі сапалы дайындап отырды.Сөйтіп, жылжымалы медициналық кешен Орталық аудандық ауруханада «Денсаулық жолы» акциясы аясында 11-18 тамыз аралығында профилактикалық тексеру жүргізді. Сонымен 5 күн ішінде скрининг тексеруін жүргізу барысында 800-ден астам тұрғын тегін медициналық көмек пен кеңес алды. Акушер-гинеколог күн сайын 40-қа жуық адамды тексерді. Ал,узиологтан 130-145 тұрғын келіп тексеруден өтті. Ауруханадағы осындай акция  кезіндегі шығынды толығымен денсаулық сақтау Министрлігінің төлейтінін есте ұстаған жөн. Демек, емделуші тексерілуден өтіп, ем қабылдағанда өз қалтасынан ешқандай қаржы шығармады.Тағы да бір айта кететін басты мәселе азаматтарды әлеуметтік қорғау басты назарда болғандықтан, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналар ең алдымен кезектен тыс тегін қаралды.

 Игі іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. «Денсаулық жолы» акциясының  ауыл халқы үшін пайдасы өте зор. Өйткені, ауыл тұрғындарына  медициналық тексерістен өтуі үшін облыс орталығына бармай-ақ, жергілікті жердің өзінде қаралуына мүмкіндік туады. 

Сандуғаш Қажыомарова

 Укипедия сөздігінде “trauma” – жарақат, “logos”- емдеу дегенді білдіреді. Яғни, травматолог – жарақатты емдеуші. Ал біздің әңгімелегелі отырған адамымыз сынықтарды қалпына келтіретін дәрігер – сынықшы, оны біздің медицинада травматолог деп атайды.  Көкпекті ауылы тоғыз жолдың торабында орналасқан. Аудан аумағынан өтетін халықаралық «Омбы-Майқапшағай» күре жолынан  айына деп есептемегеннің өзінде, күніне жүзге тарта, жаз айларында одан да көп автокөлік жүреді. Солардың арасында апатқа ұшырау болып жатады. Апаттан жарақат алғандар Көкпекті орталық ауруханасына жеткізіледі. Аурухананың хирургия бөлімінің травматолог дәрігері Әмір Бауыржанұлы Райымжановтың жұмысы осы кезде қызады.

-«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жол-көлік апаты кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Өкінішке орай,  көлік құралдарының дамуы нәтижесінде   апаттар саны арта түсуде.  Біздің пациенттеріміздің де көбі осы жол-көлік оқиғасы үстінде жарақат алғандар болып келеді. Біз оларды қабылдап алғаннан соң, жарақатының күрделілігіне қарай көмек көрсете отырып, тым ауыр болса,  денсаулығы тұрақтанғанша ем жасап, содан кейін санитарлық авиациямен облыс орталығына жолдаймыз. Биылғы жаздың өзінде мұндай оқиға бірнеше рет орын алды.  

   Шұғыл травматология мен хирургияда «алтын сағат» ережесі болады. Яғни, осындай уақыт ішінде шұғыл медициналық көмек көрсету жарақаттан болатын өлім-жітімді азайтады. Егер жол-көлік апаты болғанда 30 минуттың ішінде алғашқы көмек көрсетілсе, зардап шеккендердің 17% қайтыс болса, алғашқы көмек 45 минуттан соң көрсетілген жағдайда зардап шеккендер екі есе көп көз жұмады. Бұл нақты статистика бойынша дәлелденген.

  Осыған байланысты елімізде ауданаралық травматологиялық бөлімшелер ашу аса өзекті болып отыр. «Алтын сағат» ережесін қамтамасыз ету үшін аталған ұйымдарға жақын орналасқан жолдардағы жол-көлік апаттарының жоғары деңгейі есепке алынады. Аталған мақсатты іске асыру үшін республика бойынша орталық аудандық және қалалық ауруханалар базасында  ауданаралық травматологиялық бөлімшелер ұйымдастыру жоспарланып отыр. Солардың бірі біздің аурухана,-дейді Әмір Бауыржанұлы.

 Ә.Райымжанов Үлкенбөкен ауылының тумасы. 2008 жылы Семей қаласындағы медицина академиясын жалпы практикадағы хирург дәрігер мамандығы бойынша аяқтап, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы негізінде  жұмысқа орналасқан. 2010 жылы травматолог-ортопед мамандығына қайтадан даярлаудың жеті айлық курсын өтті. Маман орталық ауруханаға оралған соң, 13 травматологиялық палата ашылды, сонымен бірге сынықты түзететін, түрлі пластиналар мен басқа да құралдар алынған.

-Ауруханадағы бұл бөлім ресми түрде травматологиялық орталық деп тіркелмегенімен мен жақында Астана қаласында бір жетілік білім жетілдіруде болғанда, біздің аудан картада травматологиялық орталық деп белгіленіп тұрғанын көрдім. Егер ол ресми түрде бекитін болса, онда толықтай жабдықтау болады,-дейді ол.-Апат болған кезде МАИ біздің 103-жедел жәрдемге хабарлайды, біз 5-7 минут жиналамыз, содан кейін оқиға орнына жеткенше де біраз уақыт өтеді. Сондықтан да жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек көрсету кейде болмай жатады. Меніңше, жүргізуші куәлігін алуға оқыған кезде азаматтарға апат кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, жарақат алушыны көлік ішінен қалай дұрыс шығара білу, сондай-ақ сынықты таңу сияқты қарапайым әдістерді үйретсе. Оқыту процесіне медицина қызметкерлері келісер еді деп ойлаймын.

      Клиникалық, зертханалық, рентгенологиялық, компьютерлік томография, МРТ, цитологиялық, гистологиялық тексерулер,  түтікшелі сүйек сынықтары мен буынішілік сынықтарды заманауи хирургиялық емдеу; сүйек буындары орнын хирургиялық емдеу, жарақат және аурулар кезіндегі тізе буындарының атроскопиясы, жіліншік сынығы мен сирақ-табан буындарының жарақатын хирургиялық емдеу және жарақат алған адамға басқа да медициналық көмек беру бүгінгі траваматологияның жетістіктері. Ал біздің ауданның орталық ауруханасы негізінде жарақат орталығы пункті ашылатын болса, онда жұмыс істейтін Әмір Райымжанов сынды білікті, болашағынан зор үміт күттіретін дәрігер  бар.

Клара НҰРПЕЙІСОВА 

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз