Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сәуір айының бірінші күнін ТМД мемлекеттерінің көбінде бейресми түрде күлкі күні деп атайды. Бұл күні адамдар бір-біріне әзіл-қалжың айтып, біреулер алдап, екіншілері алданып қалып, күлкілі жайттардың куәсі болып қызыққа кенеліп жатады. Көкпекті аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімі бұл күнді назардан тыс қалдырмай, қызмет алушы балаларға көтеріңкі көңіл сыйлау мақсатында «Күлкі – жанның шипасы» атты іс-шара өткізді.

Аталған орталыққа өзінің бірінші сәуірдегі әзілдерімен мультфильм кейіпкерлері Бим мен Бом келіпті. Балалармен бірге олар би билеп, ойындар ойнап, әзіл-қалжың айтып, мәз-мейрам болды.

Екіге бөлінген балалар тобы өзара жарысып, «Көңілді топ» және «Тапқыр топ» деген атақтарға ие болды. Күлкі күнінде қызмет алушы балалардың жадыраған періште бейнелерін көріп риза болып қайттық.

Жанерке АБЫЛХАН

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз