Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Келіп жеткен жаңа жылды ауданымыздың оңалту орталығы ең алғашқылардың бірі болып, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Жаңажылдық шырша салтанаты Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде таңғы сағат онның кезінде балалардың жаңажылдық әсем ән шырқауымен басталды. Бүлдіршіндер жарқыраған жасыл шыршаның жанында ән салып, би билеп, алуан түрлі костюмдермен көріністер қойып, мерекенің шырайын ашты. Әр мереке сайын көңілдері шаттыққа толатын оңалту орталығында тәрбиеленіп жатқан балалардың бұл мерекеде де жүздері бал-бұл жайнап, кеуделері қуанышқа толы жүрді.

Жаңа жыл жаңа үміт пен бақытқа жол ашады. Әсіресе, жыл айрығында балғындар аудан басшысының өздеріне деген қамқорлығын сезініп, жасыл шырша жанында сыйлыққа кенелетіні бар. Бұл жолы да бүлдіршіндер аудан әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Таңғажайып салтанатты кешке келген аудан әкімінің міндетін атқарушы Рамиль Сағындықов  барлық жиналған балдырғандар мен ата-аналарды және мекеме ұжымын, 2015 жыл есте қалатындай айшықты оқиғаларға толы болсын, елімізде тыныштық туы желбіреп, жақсы жаңалықтар көбейе берсін! – деп құттықтау сөзін айтты.

Жасыл шырша мейрамы Аяз Ата мен Ақшақарсыз өткен бе? Мереке шырайын кіргізген Аяз ата шыршаға ізгі үмітпен келген бүлдіршіндердің тілегі мен өлең-жырын, тақпақтарын тыңдап, жиі-жиі қомақты қоржынына қол салып, базарлығын таратумен болды.Кештің әділқазылар алқасының шешімі бойынша ең тамаша, таңғажайып маскарадтық костюмдер дайындаған балаларға орын берілді. Атап айтар болсақ, 1 орын Кирилл Бойченко, 2 орынды Әсемгүл Мергембаева, 3 орынды Ержан Қалиасқаров иеленді. Барлық орын алған бүлдіршіндерге аудан әкімі атынан сыйлықтар тапсырылды. Жиналған өзге балалар да құр алақан қайтпай, әрқайсысына тәттілер толтырылған дорбалар беріліп, олар да қуаныш құшағына кенелді. Шат көңілді шапағатты шыршатой балалардың аудан әкімі және келген қонақтармен естелік суретке түсу рәсімімен тәмамдалды.

Асқар Дүйсембекұлы, Оңалту орталығы басшысының орынбасары:

-Жаңажылдық мейрамға келген балаларға өнерлері шыңдалып, білімдері арта берсін, еліміздің беделді азаматтары боп, жүздерінен күлкі кетпесін.

Айгүл Сләмбекова, жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі:

-Жаңа жыл сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын,арман-үміттер ақталатын жыл болсын.Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!

Ботагөз Еркінова, аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорының орынбасары:

– Жылқы жылы жаман болған жоқ, табысты жыл болды десек те болады. Келе жатқан қой жылында барлығына ең бастысы денсаулық, жұмыстарында табыс, ашық аспан тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Тағдыр талайының басына батпандай соққы тигізсе де бұл бүлдіршіндер асқар таудай Отаны, іргесі мықты, өзгелермен терезесі тең елі, қысылғанда тар қолтықтан демейтін елжанды ағаларының арқасында осындай шаттық мерейіне бөленіп жүре берсін деп тілейік.

Назгүл МУРСАЛИМОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз