Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада аудан әкімі Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасының ұжымымен кездесу өткізді. Бұның басты себебі - аурухана жұмысшылары тарапынан аудандық мәслихат депутатына ұжымдағы біртұтас ұстанымның жоқтығынан туған мазасыз жағдай туралы шағымдануы.

Дүйсенғазы Мағауяұлы дәрігерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерімен шұғылдануға шақырды. Бір-біріне сөз тасып, жан-жаққа арыз жазғанша, Гиппократ антын бергендерін ұмытпау, адамдарды емдеу. Аудан әкімі бұрынғы аурухана басшыларының қызметін қанағаттанарлық деп сараптама жасады. С.Күдербаева мен Е.Бүркітовтың ұйымдастырушылық қабілеттерін бағалады. Олар кезінде ұжымды ұйымдастыра білді, мекеменің ішінде бірлік болды. Ал, С.Таңатарова бас дәрігер болған бір жылдың ішінде емдеу мекемесіне дәрігерлер жетіспей тұрса да, 9 дәрігер жұмыстан кетті. Бұл жақсылыққа апармайды, -деді Дүйсенғазы Мағауяұлы. –Бұл мәселе бойынша осы салаға жауапты менің орынбасарым К.Смаилова қателік жіберген. Мекемедегі тұрақсыз жағдайды ауылдық округ әкімі С.Дүсіпов пен оның орынбасары Р.Вольф уақытында ескертпеген. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мекемелермен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың ішкі жағдайларын біліп отыру қажет. Дүйсенғазы Мағауяұлы фельдшерлік-акушерлік пунктерінің, дәрігерлік - амбулаторияның жағдайлары неліктен жылдан-жылға шешілмейді, - деп өз наразылығын білдірді. Облыстық денсаулықты сақтау басқармасы оларды қаржыландыруды мүлде ұмытты. Аудан әкімі бір жұманың ішінде осы аталған мекемеге барып, ұжыммен кездесіп, олардың жағдайымен толық танысып, осы туралы ақпарат беру туралы ауылдық округ әкімі С.Дүсіповке тапсырма берді. Кездесуде ауыл тұрғыны К.Әжіханова мекемеде дәрігер-гинекологтың жоқтығы туралы айтты. Ол өзінің қызын босандыру үшін облыс орталығына акушердің сүйемелдеуімен барғанын айтты. -Жолда қызым есінен танып қалды, қала дәрігерлерінің арқасында жас әйел баласымен аман қалды, - деді ол.  Жолда май құю станцияларында көлікке құятын жағар-жанар майдың жоқтығы мәселесі туындап, ол жағдай да шешілді. Дүйсенғазы Мағауяұлы К.Әжіхановаға осы жағдайды қағазға түсіріп беруді айтты. Тұрғындарға көмек көрсету үшін әрдайым ауыл әкімдігінде жанар-жағармайдың сақталған қоры болуы керек. Кездесуді қорытындылай келе, аудан әкімі аурухана қызметкерлеріне өз мәселелерін қайта қарауды, бір-біріне деген реніштерін ұмытуды, бұл жақсылыққа апармайтынын жеткізді. Болашақта осындай жанама әсерлерді болдырмау үшін ұжым қызметкерлерінің қарым-қатынасын сауықтыру және ауызбірлік болу керек. Емдеу мекемесіне жаңа басшы сайлау және оның алдына шешімін күткен мәселелер мен міндеттерді қою үшін облыстық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы шақырылады.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз