Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

13 Қыркүйек 2018

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Қыркүйек айының 3 күні аудан басшысы А.Смаилов азаматтардың жеке мәселесі бойынша кезекті қабылдауын өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, Бастаушы ауылдық округінің әкімі, дербес бөлім басшылары қатысты.

Әкім қабылдауына келген 2 азаматқа тиісті мәселелері бойынша жауаптар берілді. Айтылған өтініштер өзектілігін жоймайтын жеке меншік тұрғын үйге жөндеу жұмыстарына материалдық көмек көрсету, жер және әлеуметтік мәселелер мазмұнында болды.
Алғашқы болып келген Преображенка ауылының тұрғыны Руслан Қозанов мал алып, шаруашылық бастау үшін несие алуды сұрады. Өтініш иесі Р.Қозановқа аудан әкімі бірінші кезекте босалқы жер беру туралы өтініш жазу қажеттілігі түсіндірді. Онан соң аудандық кәсіпкерлер палатасына өтініш білдіріп, жаңадан бастаған кәсіпкерлерді оқытуға арналған «Bastau-Бизнес» жобасы арқылы өзінің кәсіпкерлік қабілетін шыңдауға оны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретіндігін айтып өтті.
Келесі кезекте Көкжота ауыл-ының тұрғыны Гүлжанат Рапекова жеке меншік үй құрылысына қаржылай көмек беруді сұрады. Көкжота ауылы Бастаушы ауылдық округіне қарасты болғандықтан, қабылдау кезінде округ әкімі Айнұр Отаршина өз тарапынан жауап берді. - Көкжота ауылының тұрғындары, отағасы Жол құрылыс – 14 мекемесінде жұмысшы ретінде қызмет істейді. Өтініш иесінің тұрғын үйі 1991 жылы салынған, - деді округ әкімі.

Read more

. Күзбен бірге кезекті оқу жылы басталды

Жайдары жаз мезгілі межесіне жетіп, міне күз айы да келіп жетті. Күзбен бірге кезекті оқу жылы басталып, бала біткен мектепке қарай асығады. 1 қыркүйек – білім күні мерекесі республикадағы барлық өңірлердегі секілді, біздің ауданда да өзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді. Жаңа оқу жылының құрметіне орай аудандағы барлық білім ошақтарында салтанатты жиын өткізілді. 

Міне, алажаздайғы каникул күндері аяқталып, мектептерде сабақ басталды. Жаз бойы көріспеген сыныптас достар бір-бірімен қуана қауышуда. Айнала балғындардың бал күлкісіне көмілген. Себебі бұл күн-айрықша қуанышқа толы күн. Бұл күні Көкпекті ауданындағы 37 мектептің 1 сыныбына 455 оқушы қабылданып алғашқы рет мектеп табалдырығын аттады. 1 қыркүйек - Білім күніне арналған жиын аудан орталығындағы білім ордалары Жақия Шайжүнісов атындағы және Көкпекті орта мектептерінде салтанатты жағдайда аталып өтті.

Read more

Бірінші қыркүйек - Білім күні барша адамзат баласына ортақ күн

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысады.

- Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бірінші қыркүйек - Білім күні барша адамзат баласына ортақ күн. Сіздерді жаңа оқу жылының бастауымен құттықтаймыз! Білім кемесін мініп ілім іздеп, алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Сондықтан мектеп ордасын алғашқы аттағалы тұрған бүлдіршіндерімізді қол соғып қошеметпен ортаға шақырамыз! - деп Білім күніне арналған салтанатты жиын Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінде ерекше басталды.
1«а» - сыныбын білім әлеміне апаратын жоғары санатта тә-жірибели ұстаз – Гүлжан Ержанқызы Ғалиева, 1 «ә» - сыныбын тәжірибелі, І санаттағы ұстаз Маржан Саинғазықызы Дүсіповалар тағайындалды. Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрды. Бірінші сыныпқа баратын 47 бүлдіршін мектеп оқушыларының қатарына қосылды.
Салтанатты жиынға Көкпекті ауданының әкімі Асхат Сай-дахметұлы Смаилов, білім бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафинова, аудандық маслихат депутаты Самарқан Қалисатарұлы Жотабаев қатысты.

Read more

ОҢТҮСТІКТЕН он ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН КӨКПЕКТІГЕ КӨШІП КЕЛМЕК

Көшбасы Серғазы Омар ақсақал бастаған отандастарды аудан əкімі Асхат Смаилов қабылдады. Əлеуметтік салаға жа-уапты орынбасары, ауыл əкімдері, дербес бөлім басшылары қатысқан жиында ауданға қоныс аударуға ниетті отбасыларға ұсынылар игіліктер мен мүмкіндіктер жан-жақты сараланды. - Қолдан келген барлық көмек пен қолдауды аямаймыз. Отбасы мүшелеріне мамандығына сай жұмыс ұсынамыз. Кəсіп қылам дегендерге қолдау болады. Мал өсіріп, егін егемін дегендер болса жер беруге дайынбыз, - деді Асхат Сайдахметұлы.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз