Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысады.

- Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бірінші қыркүйек - Білім күні барша адамзат баласына ортақ күн. Сіздерді жаңа оқу жылының бастауымен құттықтаймыз! Білім кемесін мініп ілім іздеп, алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Сондықтан мектеп ордасын алғашқы аттағалы тұрған бүлдіршіндерімізді қол соғып қошеметпен ортаға шақырамыз! - деп Білім күніне арналған салтанатты жиын Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінде ерекше басталды.
1«а» - сыныбын білім әлеміне апаратын жоғары санатта тә-жірибели ұстаз – Гүлжан Ержанқызы Ғалиева, 1 «ә» - сыныбын тәжірибелі, І санаттағы ұстаз Маржан Саинғазықызы Дүсіповалар тағайындалды. Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрды. Бірінші сыныпқа баратын 47 бүлдіршін мектеп оқушыларының қатарына қосылды.
Салтанатты жиынға Көкпекті ауданының әкімі Асхат Сай-дахметұлы Смаилов, білім бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафинова, аудандық маслихат депутаты Самарқан Қалисатарұлы Жотабаев қатысты.


Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Асхат Смаиловқа берілді:
- Құрметті қауым! Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 1 қыркүйек – әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын, жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Әр адам үшін 1 қыркүйек жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. 2016–2017 оқу жылында жаңартылған мазмұнға 1, 2, 5, 7 сыныптар көшті. 2018–2019 оқу жылында 3, 6, 8 сыныптар көшеді. Бюджеттен тыс қаржыға мектеп, оқу ғимараттарының материалдық-техникалық базасы жаңартылып, оған ауданның кәсіпкерлерлері де қомақты үлесін қосуда. Ірі кәсіпкерлер бірігіп IQganat бағдарламасын жүзеге асырылуда, - деп аудан басшысы құттықтау лебізін білдірді.
Кезекті құттықтау сөз мектеп ұжымының білікті басшысы, үлгілі ұстазы, мектеп директоры Баян Қапезқызы Бағисоваға берілді:
- Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке. Дәл осы күннен бас-тап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын! - деді мектеп директоры. Сөз соңында өткен оқу жылы педагогтар мен оқушылардың жеткен жетістіктерге қол жеткізгенін баяндады.
Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін егемен елдің болашақ ұрпақтары, мектепке енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушылары өлең шумақтарын оқыды. 1 сынып оқушылары ата-аналарының атынан Күлән Шәкерқызы Қылжықова өзінің мерекелік лебізін жеткізді. Сонымен бірге, алғашқы қоңырау үні сыңғырлап, барша оқушыларды алғашқы сабаққа шақырды.
Салтанатты жиынан кейін аудан әкімі мектеп ішін аралап, оқушылармен, ұстаздармен кездесті. Асхат Сайдахметұлы жаз айында жүргізілген ағымды жөндеу жұмыстарынының сапасына көңілі толды.
Айтулы мереке күні Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінде «Робототехника кабинеті» ресми түрде ашылды. Салтанатты шарада сөз алған аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы жаңа ІТ-технология кабинетінің ашылуымен құттықтап, шәкірттердің алар асулары биік болуына тілектестігін білдірді. Сонымен бірге кабинеттің үздіксіз жұмыс істеуге, қолдау көрсеткен кәсіпкер, «Қалисатарұлы» ШҚ басшысы Самарқан Жотабаевқа алғысын білдірді. Сөз кезегінде белгілі маслихат депутаты ұстаздар мен оқушыларға толағай табыс, таусылмас ізденіс, баянды-бақыт тіледі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз