Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

11 Қыркүйек 2018

АЛТЫННАН АРДАҚТЫ КҮМІС ЖАМБЫ

Темірболат құрыштан құйылған сом білекті, түкті жүректі аталарымыздың даңқ биігін аласартпаған еркін күрестің ер оғланы - Данияр Қайсанов Үнді мұхитының ортасындағы Джакартада өтіп жатқан Азиададан елге күміс жүлде әкелді.

Палуанды туған жері - Көкпекті ауданының тұрғындары қуанышпен қарсы алды. Көкпекті – Самар тас жолының Үлкенбөкен ауылына кіреберісінде аудан әкімінің орынбасарлары - Дәурен Қойгелдин мен Марат Теміржанов, ауданымыздағы белгілі спорт демеушісі, «Елім-ай Көкпекті» агрокешенінің басшысы Болат Мигражұлы Бекбердинов, атақты палуан Алтай Танабаевтар бастатқан аудан жұртшылығы өкілдері автошерумен, қошеметті эскортпен аудан орталығындағы митингіге бастап келді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз