Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қыркүйек айының 3 күні аудан басшысы А.Смаилов азаматтардың жеке мәселесі бойынша кезекті қабылдауын өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, Бастаушы ауылдық округінің әкімі, дербес бөлім басшылары қатысты.

Әкім қабылдауына келген 2 азаматқа тиісті мәселелері бойынша жауаптар берілді. Айтылған өтініштер өзектілігін жоймайтын жеке меншік тұрғын үйге жөндеу жұмыстарына материалдық көмек көрсету, жер және әлеуметтік мәселелер мазмұнында болды.
Алғашқы болып келген Преображенка ауылының тұрғыны Руслан Қозанов мал алып, шаруашылық бастау үшін несие алуды сұрады. Өтініш иесі Р.Қозановқа аудан әкімі бірінші кезекте босалқы жер беру туралы өтініш жазу қажеттілігі түсіндірді. Онан соң аудандық кәсіпкерлер палатасына өтініш білдіріп, жаңадан бастаған кәсіпкерлерді оқытуға арналған «Bastau-Бизнес» жобасы арқылы өзінің кәсіпкерлік қабілетін шыңдауға оны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретіндігін айтып өтті.
Келесі кезекте Көкжота ауыл-ының тұрғыны Гүлжанат Рапекова жеке меншік үй құрылысына қаржылай көмек беруді сұрады. Көкжота ауылы Бастаушы ауылдық округіне қарасты болғандықтан, қабылдау кезінде округ әкімі Айнұр Отаршина өз тарапынан жауап берді. - Көкжота ауылының тұрғындары, отағасы Жол құрылыс – 14 мекемесінде жұмысшы ретінде қызмет істейді. Өтініш иесінің тұрғын үйі 1991 жылы салынған, - деді округ әкімі.


Ұлы Отан соғысы қатысу-шыларына, жалғыз басты және мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларына тұрғын үйді жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек бөлінетігін айта келе, аудан бюджетінен жеке меншік үйлерді жөндеу жұмыстарына материалдық көмек көрсетілмейді, - деп нық айтты аудан әкімі.
Аудан басшысы келіп түскен сұрақтардың барлығына нақты да толық жауаптар қай-тарылды. Көтерілген мәселелердің заң аясында шешілетінін айтып, кейбір сауалдар бойынша, әкім аппаратының тиісті бөлім қызметкерлеріне бақылауда тұрған мәселелерді шешу үшін тапсырмалар жүктеді. Қабылдау соңынан «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Ораз-ғалиева өткен қабылдауда қозғалған мәселелердің орындалу барысы туралы баяндады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз