Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жайдары жаз мезгілі межесіне жетіп, міне күз айы да келіп жетті. Күзбен бірге кезекті оқу жылы басталып, бала біткен мектепке қарай асығады. 1 қыркүйек – білім күні мерекесі республикадағы барлық өңірлердегі секілді, біздің ауданда да өзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді. Жаңа оқу жылының құрметіне орай аудандағы барлық білім ошақтарында салтанатты жиын өткізілді. 

Міне, алажаздайғы каникул күндері аяқталып, мектептерде сабақ басталды. Жаз бойы көріспеген сыныптас достар бір-бірімен қуана қауышуда. Айнала балғындардың бал күлкісіне көмілген. Себебі бұл күн-айрықша қуанышқа толы күн. Бұл күні Көкпекті ауданындағы 37 мектептің 1 сыныбына 455 оқушы қабылданып алғашқы рет мектеп табалдырығын аттады. 1 қыркүйек - Білім күніне арналған жиын аудан орталығындағы білім ордалары Жақия Шайжүнісов атындағы және Көкпекті орта мектептерінде салтанатты жағдайда аталып өтті.


Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептегі айтулы шараға Көкпекті ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әлібек Түсіпбекұлы Саржанов, ардагер ұстаз Бақыт Ғаббасқызы Мүлікова мектеп ұжымы, оқушылар қатысты. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранын орындалуымен бас-талды.
Алғашқы болып сөз алған Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әлібек Түсіпбекұлы Саржанов, мектеп директоры Қажет Жүнісбекұлы мектеп ұжымына жаңа оқу жылында жақсы табыстарға жетіп, биік белестерден көрінуге тілектестігін білдірді.
Мұнан кейін сөз алған ардагер ұстаз Бақыт Ғаббасқызы мектеп ұстаздарын, оқушылар қауымын келген қонақтарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
- Мен осы мектепте ұзақ жыл ұстаз болдым, талай шәкірт тәрбиелеп дәріс бердім. Барша мұғалімдерді, оқушыларды, олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Келешектің келісті болуы үшін саналы да, сапалы ұрпақ тәрбиелеудегі ұстаздардарға талмай еңбек етуі қажет. Ал, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған балғындар қадамдарың құтты болсын, - деп тілегін білдірді.
Алғашқы қоңырау соғу рәсімін 11 сыныптың оқу үздігі Айнұр Серікова және 1 сынып табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер- Дәрия Құржанбаева мен Бекжан Әділбеков орындады. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебіне 2 жаңа модификациялық физика (құны 5960,8 мың теңгеге) және химия (4731,8 мың теңгеге) кабинеттері әкелінді. Білім күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» акциясы бойынша робототехника кабинетінің ашылу салтанаты да болды. Заманауи кабинеттің лента қию рәсімін, ардагер ұстаз Бақыт Мүлікова мен мектепішілік шараларға демеушілік көрсетіп жүретін ауылымыздың жас кәсіпкері Арнұр Мауытқанов кесті.
Білім күні мектеп есігін алғашқы ашқалы отырған 1 сынып оқушылары өздерінің жаттап келген тақпақ, өлеңдерін оқыды. Алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар алтын ұя мектептеріне білім нәрімен сусындауға аттанды. Білім күнінің алғашқы сабағы: «Мен өз елімнің патриотымын» деген тақырып бойынша өтті.
Көкпекті орта мектебіндегі салтанатты жиында басқосқан мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардың жүзінде ерекше қуаныштың белгісі бар. Жиынды мектеп директоры Шолпан Шакенова құттықтау сөзбен ашып, оқушыларды жаңа оқу жылында кемел білім иелері болуларына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, салтанатты шараға арнайы келген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Оразғалиева ұстаздар мен оқушыларға деген тілегін жеткізді.
Былдырлаған балғын тілімен мектепке алғаш қадам жасап отырған бүлдіршіндер өлең жолдарын оқып, тарыдай болып кіргенімен, таудай болып шығамыз десіп, ата-аналарын бір қуантты. Биылғы жылы Көкпекті орта мектептің табалдырығын барлығы 62 бүлдіршін аттап отыр. Бұл күні аудан орталығындағы мектептерде әндер шырқалып, мың бұралған бишілер ұлттық нақыштағы билерін орындады.
Күздің алғашқы күні құшақтары гүлге толған әр оқушыға мектеп ерекше әсер қалдырған атаулы күн мәңгі есте сақталып, жаңа оқу жылы да басталып кетті. Білім шаңырақтарында салтанат құрған білім күні оқушыларға үлкен үміт беріп, жарқын болашаққа жол сілтеді.
Укешова Роза, Санжар мен Арнұрдың апасы:
- Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жа-ңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мық-ты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Арнұр Мауытқанов, жеке кәсіпкер:
- Барлық ұстаздарды шын жүректен Білім күні-мен құттықтаймын! Жаңа оқу жылының бірінші күні бірнеше ұрпақ өкілдерін біріктірген, дәстүрге айналған мереке. Бұл күні көпшіліктеріңіз үшін 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталып, мектеп табалдырығын аттадыңдар. Баршаңызға табыс, сәттілік, оқуда озат болуларыңызды тілеймін. Оқу оқып, сабақты жақсы оқыңдар!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз