Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

17 Сәуір 2017

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АЗАЙМАЙ ТҰР

Көпшілік орындарда тәртіп бұзып, жұрттың шырқын алатындар жер-жерде көп кездеседі. Ондайлардың көбі әдетте тәртіпсіздікті ащы судың салдарынан жасап жататыны жасырын емес. Кейде ұсақ тәртіп бұзушылықтың аяғы ауыр қылмысқа ұрындырып жататын жайлары да болады.
Жуырда Көкпекті ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында Жергілікті полиция қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдерінің бірлескен отырысы өткізілді. Кеңейтілген мәжілісте «Құқықбұзушылықтың және қылмыстың алдын алу» тақырыбындағы мәселелер кеңінен талқыланды. Алқалы жиынға модераторлық еткен аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қабайұлы Қалдыбаев басқосудың мән-мазмұнына тоқталып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Кеңеске Көкпекті аудандық Прокурорының м.а Бақытбек Қарымсақов, Жергілікті полиция бөлімінің басшысы Ферхат Мавлютов және аудандық ІІБ жеке құрамы, соның ішінде учаскелік полиция инспекторлары, ауылдық округтер әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Read more

ЖАҢА ЖОБА АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚЫР-СЫРЫН ТЕГІН ҮЙРЕНУДЕ

Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Көкпекті ауылдық округінің ғимаратында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша алғашқы топ кәсіпкерлік сабақтарын алды. Жаңа жобаның тұңғыш шәкірттеріне арнайы ақжарма тілектерін Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Қалдыбаев, Көкпекті ауылдық округінің әкімі Е.Ниязбаев арнады.

Read more

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІ – ЕЛ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ

Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында мемлекет басшысының Қазақстан халқына – «Үшінші жаңғырту - Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауында «Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақытылы болжай алдық» делінген.
Бұл Жолдау стратегияның жалғасы болып табылады. 2050 жылға қарай Қазақстан әлемдегі дамыған мемлекеттердің ішінде 30 елдің қатарына кіруі керек. Үшінші жаңғыртуы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін артырып, жаңа экономикалық модельді құруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметкерлердің имиджі, олардың ел игілігіне адал қызмет етуге деген біліктілігі мен дайындығын шешу міндеттері Елбасы Жолдауында анық көрсетілген. Аудан әкімі аппаратының басшысы Раушан Алпысбекызы Кемербаевамен болған сұхбатымыз осы жайында.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз