Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Көкпекті ауылдық округінің ғимаратында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша алғашқы топ кәсіпкерлік сабақтарын алды. Жаңа жобаның тұңғыш шәкірттеріне арнайы ақжарма тілектерін Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Қалдыбаев, Көкпекті ауылдық округінің әкімі Е.Ниязбаев арнады.


Қазақстанда алғаш қолға алынған «Бастау - Бизнес» жобасы бойынша Көкпекті ауданы тегін оқытуды бастап кетті. Газетіміздің алдыңғы санында жариялағанымыздай курсқа қатысушылардың құжаттары сәуір айының басынан қабылданған болатын. Кәсіпкерлер палатасының Көкпекті ауданы филиалына арнайы сабақ беруге Астана қаласынан келген бизнес-жаттықтырушысы Айнұр Омарова: «Бизнес-Бастау» бойынша мал өсіру, егін егу, жылыжай салу, ауыл шаруашылығын дамытуға қажетті мал қораларын салу секілді, жеке шаруашылығын бастауды не болмаса бұрынғы бизнесін кеңейтуді жоспарлап жүрген азаматтар кәсіптің негізін меңгере алады. Курс-ты білікті бизнес-жаттықтырушылар жүргізіп, азаматтарға бизнес жобалар жасауына қолдау көрсетеді», - дейді. Тыңдаушылар курсты бітіргендігі туралы сертификат алғаннан кейін, жасалған бизнес жобаларын комиссияның алдында қорғап, өздерінің кәсіпкерлікпен айналысуға деген әлеуетін көрсетеді. Кәсіпкерлік жолға қадам басқан көкпектіліктердің пікірлері төмендегідей:
Серікқазы Исабаев, «Бес ағайын» ШҚ басшысы, Қарағандыкөл ауылы:
- Мен мал басын көбейту, мақсатында осы жобаға қатысып бағымды сынауға келдім. Арнайы тестен өтіп 57 ұпай жинап, алғашқы топта оқу мүмкіншілігіне ие болдым. Бұл жобаның бастамасы жақсы, өзіме ұнады. Менің кәсібіме көмегі тиетініне сенімдімін.
Архат Сүлейменов, Самар ауылы:
- Бұл жоба туралы газет бетінен оқыдым. Өзім өкінішке орай, 3-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бірімін. Жоба бойынша дәріс алып, мал асырау жоспарымда бар.
Маржан Кәткенова, Теректі ауылы:
- Мен жұмыссыздар қатарындамын. Осы бағдарламаға өту үшін тест тапсырып, 67 ұпай жинадым. Мақсатым, шағын дүкен ашу. «Бастау» деп аты айтып тұрғандай осында отырғандардың кә-сіптерінің бастауы болады деп ойлаймын.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз