Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көпшілік орындарда тәртіп бұзып, жұрттың шырқын алатындар жер-жерде көп кездеседі. Ондайлардың көбі әдетте тәртіпсіздікті ащы судың салдарынан жасап жататыны жасырын емес. Кейде ұсақ тәртіп бұзушылықтың аяғы ауыр қылмысқа ұрындырып жататын жайлары да болады.
Жуырда Көкпекті ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында Жергілікті полиция қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдерінің бірлескен отырысы өткізілді. Кеңейтілген мәжілісте «Құқықбұзушылықтың және қылмыстың алдын алу» тақырыбындағы мәселелер кеңінен талқыланды. Алқалы жиынға модераторлық еткен аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қабайұлы Қалдыбаев басқосудың мән-мазмұнына тоқталып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Кеңеске Көкпекті аудандық Прокурорының м.а Бақытбек Қарымсақов, Жергілікті полиция бөлімінің басшысы Ферхат Мавлютов және аудандық ІІБ жеке құрамы, соның ішінде учаскелік полиция инспекторлары, ауылдық округтер әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


- Бүгінгі басқосудың басты мақсаты құ-қықбұзушылықтың алдын-алуға бағытталған заң тараптары бойынша түсіндірмелер беріп, аудан көлемінде қылмыстарды болдырмаудың тиімді шараларын қабылдау, – деді Ерлан Қабайұлы.
Жергілікті полиция бөлімінің басшысы Ферхат Мавлютов өз баяндамасымен жиынды бастады. Қазіргі уақытта аудан аумағындағы ең ауқымды болып отырған құқықбұзушылықтың және қылмыстың алдын алу шаралары туралы айтып, содан кейін статистика бойынша өткен жылдарға қарағанда 2017 жылдың 3 айында құқықбұзушылықтардың саны күрт өскендігін көрсетті. Атап айтар болсақ, ол саналы түрде ішімдік ішкеннен кейін адам өміріне қауіпті жасалған қылмыстар. Жиын барысында ауылдық округ әкімдері өз ойларын ортаға салып, қылмыстың алдын алу шаралары бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы ақпараттар берді.
Ерлан Қабайұлы бұл мәселелерді жіті тыңдап, қылмыстардың әлі де орын алып жатқандығын, тіпті азаймай тұрғандығын ашық айтып, тіркелген заң бұзушылықтарды статистикалық тұрғыда салыстыра беруден гөрі, қылмысты болдырмай, алдын алу үшін нақты жұмыстар атқару керектігін жеткізді.
Жиын соңында, аудан әкімінің міндеті атқарушы Ерлан Қабайұлы мен аудан прокурорының м.а. Бақытбек Батанұлы құзырлы органдарға көтерілген мәселелер төңірегінде нәтижелі жұмыс жасауға тапсырма берді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз