Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қасиетті Көкпекті топырағында ғасырлар бойы мәдениеті мен діні, салт-дәстүрі мен тағдыры тоғысқан түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері бүгінде өзара береке-бірлікте, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Тәуелсіздігімізді ал-ған сәттен бастап тұрақтылықты, азаматтық келісім мен татулықты нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Сан ұлттың басын біріктірген бейбітшілік пен жа-сампаздықтың мерекесі - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін көкпектілктер де қуанышты көңіл-күймен қарсы алды.

Толығырақ...

28 наурызда Көкпекті ауданының әкімі Р.Н.Сағандықовтың қатысуымен алтыншы шақырылымдағы Көкпекті аудандық мәслихаттың бірінші кезекті сессиясы өтті.
Күн тәртібінде алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихат хатшысын сайлау, алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру, алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы мәселелер қаралды
Сессия жұмысын, қолданыстағы заңға сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Оразғалиева ашып жүргізді.
Бірінші сессияның жұмысына аудан әкімі Р.Н.Сағандықов, аудандық Мәслихаттың хатшысы Р.Беспаев, аудандық Мәслихаттың депутаттары қатысып отырды. Сонымен қатар, сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мекеме басшылары, ауыл әкімдері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылды.

Толығырақ...

Бүгінгі таңда Үкімет тарапынан халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жарық көріп, шапағатын халыққа тигізуде. Соның бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы ауданымызда қанатын жайып, іске асырылу үстінде. Өкінішке орай, алынған несиелерді уақытында төлемеу мәселесі әлі де күн тәртібінде орын алып тұр. Осы мәселе жайлы ауданымыздың жұмыспен қамту бөлімінің директоры Райхангүл Баймолдинамен сұх-баттасқан едік.
- Райхангүл Қапезқызы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, оны дамытып жүрген азаматтар жайлы және берешегін қайтармай жүрген борышкерлер туралы айтып өтсеңіз?
- Мәселен, көкпектілік жеке кәсіпкер 2012 жылы Ержан Ажықұлов 3 млн. теңге несие алып, темір-бетон конструкциясы өндірісін ашса, самарлық Ләззат Құдайбергенова 2013 жылы 3 млн-ға шағын наубайхананы іске қосты. Ал, Миролюбовка ауылының жеке кәсіпкері Валентина Гранкина 2014 жылы 2,3 млн. теңге көлемінде несие алып, тұрмыстық қызмет көрсету орталығын ашты. 2013 жылы Қарлығаш Закирова 2 млн. қаржыға түшпара жасау цехын іске қосса, 2013 жылы Азамат Слямов 3 млн. көлемінде несие алып, ірі қара мал өсіруді қолға алды. Қазіргі таңда жоғарыда аталған кәсіпкерлер бағдарлама аясында алған несиелерін орнымен жұмсау арқылы аудан тұрғындарының игілігі үшін тер төгуде.

Толығырақ...

Дүкен сөрелерінен орын алған түрлі-түсті тауарлық белгісі бар өнімдер тұтынушылар назарын өзіне тарта бастағанына да біршама уақыт өтті. Қазақстандықтарды бұл жердегі сапалы, дәмді әрі қолжетімді бағамен ұсынылатын өнімдердің молдығымен таң қалдыра алмайсыз. Қазақстанда жасалған өнімді таңдай отырып, біз өнім өндірушілар ғана емес, елді де қолдайтынымыз рас. Өнім өндірушілер біздің азаматтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашса, біз соған орай, өз жерімізде жасалған, пайдалы тағамды сатып аламыз. Қазіргі таңдағы патриоттық сезім аса қажетті кезеңде жергілікті, өзіміздің өнімдерді таңдайтын уақыт жетті.
Аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Әкімованың төрағалығымен өткен Көкпекті ауданындағы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша кеңейтілген семинар-кеңесте осы туралы сөз қозғалды. Бұл отырысқа ШҚО «Даму» қоры АҚ филиалының директоры Т.Екеев, ШҚО бойынша кәсіпкерлер Палатасының Көкпекті аудандық филиалы директоры Ә.Мұқашева, «Мәмбет» ШҚ басшысы Е.Мәмбетов, Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ.Умаров, тұтынушылар құқығын қорғау бойынша комитет филиалының басшысы Г.Абдрасулова, ауылдық округ әкімдері және ауданның жеке кәсіпкерлері қатысты. А.Жанахметқызы қатысушыларға облыс әкімі Д.Ахметовтың тапсырмасы бойынша тұрғындарға, кәсіпкерлерге, ауылдағы бизнесті, кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау шаралары бар екенін түсіндіру мақсатында аталмыш кеңестің өткізіліп отырғанын хабарлады.
- Ауданымызда бар–жоғы екі қайта өңдеу нысаны бар екені құпия емес. Ол «Рыбпром» ЖШС - балық өнімдерін өңдейді және «Мәмбет» ШҚ – ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейді. Бүгінгі күні шешілуі кезек күттірмейтін басты мәселелердің бірі - ауданымызда өзара ақпарат алмасу және кәсіпкерлердің ауызбіршілігінің жоқтығы. Олар әлі жергілікті өнім өндірушілердің не өндіретінін және тұтынушыларға нені ұсына алатынынан хабарсыз. Сырттан әкелінген тауарды халыққа ұсына отырып, олардың қандай жағдайда өндірілгенін, сапасының қандай екенін біле білмейді. Алайда, адамдардың денсаулығы ең басты орында ғой. Ақпараттық кемшілікті жою үшін өндірушілермен арадағы сұхбатты қамтамасыз ету қажет деді, - Алмагүл Жанахметқызы.

Толығырақ...

Ана – ардақты ұғым. Адам бойындағы ізгілік атаулы ананың ақ сүтімен дариды. Бүгінгі шыққан биігіміз бен баянды бақытымыз да ананың ақ тілегінде жатыр.
Аналар мерекесі жыл құсындай біздерге көктем мерекесімен қайтып оралды. Адамзаттың ардақтысы, тіршіліктің тұтқасы әйелдер күніне арналған салтанатты жиын Көкпекті ауылы Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өтті. Көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі де шуағын шаша келді. Табиғат ана мейірін төге түскен. Осының барлығын жаңарудың басы деп жақсы ырымға балауда. Салтанатты мерекеге жиналған халық залға лық толды. Сахна шымылдығы ашылып, мерекелік әуен ойналған соң, айдындағы аққулар іспеттес болып, аудандық өнер мектебінің биші қыздары «Шашу» биін билеп жұртшылықтың назарын өздеріне аударды.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз