Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан әлем мұсылмандарының сағына күтіп, қимай қоштасатын айы. Өйткені, адам баласының тәнін тазартып, жан-дүниесін тәрбиелейтін ораза құлшылығы осы айда Раббымыз тарапынан парыз етілген. Сондықтан, бұл айда жасалған әрбір жақсы амалдар елеусіз қалмай, сауабы еселенеді.


Қасиетті Рамазан айының келуімен қатар Көкпекті ауылының мешітінде бас имам Кенжебек Ахметқалиевтың мұрындық болуымен ауқымды іс-шаралар бастау алды. Атап айтсақ, мешіт жанына алты қанатты екі киіз үй тігілді. Бірінші киіз үйде кешкі ауыз ашар уақытында ораза ұстаған Көкпекті ауылының тұрғындары жиналып, діни уағыздар айтады. Сонымен қатар, ауыз аштыруға ниет білдірген басқа да азаматтар дастархан жайып, Рамазан айының сауабын алуда. Ал, екінші тігілген киіз үйде Өскемен шаһарынан арнайы келген ұстаз Оразақын тілдерін калимаға келтіріп, арабша үйренем деушілерге дәріс беруде. Дәрістің күндізгі бөлімінде жазғы демалыс уақытындағы балалар келсе, кешкі уақытта жасы үлкендер оқиды. Сонымен қатар, орталық мешіттің ұйымдастыруымен жағдайы нашар 10 отбасыға 20 мың теңгенің азық-түлігі бөлініп таратылды.
«Қасиетті айдың құрметіне әрбір істеген ізгі істерге Алланың рақымы жаусын, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын, ел іргесі тыныш бейбітшілік заман болсын», - деп тілегін білдірді Кенжебек имам.
Имандылыққа ұйытқы болар осындай игі бас-тамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз