Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Рамиль Сағандықов ауданның дарынды мектеп түлектерін қабылдады. Аудан, облыс, тіпті республика көлемінде білімімен, өнері және спорттағы ерекше талантымен көзге түсіп, жүлдегер атанып жүрген жас түлектер аз емес. Қабылдауға аудан білім ордаларының үздіктері, «Алтын белгі» үміткерлері, пәндер бойынша облыстық олимпиада жүлдегерлері, ғылыми байқаулар, интеллектуалды марафондарға қатысушылар, спорттық жарыстардың жүлдегерлері шақырылды. Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова, білім беру және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова қатысты.


Кездесу басында аудан әкімі алдымен қатысушы жастармен жеке танысып, дарынды балаларды жеңістерімен құттықтап, елімізде білім саласына ерекше қамқорлық жасалып жатқанына тоқталды. Рамиль Нығметжанұлы өз сөзінде елімізде оқушылардың сапалы білім алуларына баса назар аударылып, дарынды оқушыларға үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын айтты. Сонымен бірге, Елбасының «Болашақ» бағдарламасы арқылы осы уақытқа дейін мыңдаған жастарымыз әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында жоғары білім алып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жатқаны, еліміздің әр аймақтарында қазіргі заман талаптарына сай ақпараттық технологиялармен жабдықталған жаңа үлгідегі білім беру нысандары салынып, өңірлерде Назарбаев Зияткерлік мектептері, дарынды балаларға арналған көп тілде оқытатын арнаулы мектептер ашылу нәтижесінде дарынды балалардың саны жыл сайын артып келе жатқаны тілге тиек етілді.
- Халқымызда «Ұстаздан шәкірт озар» деген жақсы сөз бар. Бұл сөз мұратқа жеткізетін жалғыз жол білім екенін түсініп, бүгінгі күні ел мерейін асырып, жеңістің жалауын желбіретіп жүрген жас өрендер сіздерге арналады. Бүгінгі жетістіктеріңіз және алған білімдеріңіз таусылмайтын кен екенін түсінген сіздердің үлкен өмірдегі табыстарыңыздың бастауы деп білемін. Сондықтан болашақта еліміз мақтан ететін азамат болуларыңа тілектестік білдіремін», - деді Рамиль Нығметжанұлы.
Талантты жастарға ауданымыздың қазіргі және болашақтағы даму бағыттарын да айтып өтті аудан басшысы. Аудан әкімімен кездесу болғандықтан оқушылар өздерін барлық қырынан көрсетіп, жетістіктерін паш етуге мүмкіндік алды.
Көкпекті орта мектебінің оқушысы, облыстық, республикалық олимпиадалар жүлдегері, «Алтын белгі» үміткері Анна Раздомина, Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп оқушысы, республикалық деңгейдегі ғылыми жұмыстар сайысының жүлдегері, «Алтын белгі» үміткері Ерасыл Отаров, Көкжота орта мектебінің оқушысы, аудандық, облыстық жыр мүшәйраларының жүлдегері Гүлжәйнәт Сайлауқан, Амангелді орта мектебінің оқушысы, республикалық Абай оқуларының жеңімпазы Жайнар Қабдыкәрім, Көкжайық орта мектебінің оқушысы, облыстық, республикалық, халықаралық олимпадалар жүлдегері «Алтын белгі» үміткері Олеся Табашникова, спортта талай белесті бағындырған Әділжан Ақышев, Анель Бауыржанова, Назерке Болатжанова, Алдияр Қапсадықов, Ерасыл Құрманбаев жастар үшін аудан көлемінде атқарылып жатқан істер үшін ыстық лебіздерін білдіріп, білім мен өнерде, спортта алда болатындықтарын айтты.
Оқушылар өз кезегінде аудан әкіміне сауалдарын қойды. Бірі аудан әкімінің мектептегі жетістігін білгісі келсе, енді бірі болашақ өмірлік жолын таңдауда кеңес сұрады. Жастардың қойған сұрақтарының ішінде спортпен айналысудың маңыздылығы, талантты балалардың қабілетін дамытатын шаралардың көптеп өткізілу туралы ұсыныстары жастардың аудан, ел болашағы үшін алаңдаулы екенінің айқын көрінісі.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз