Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Мәдениет - елдің ең асыл рухани байлығы, асыл мұрасы» - деп атап көрсеткен болатын. Ұлттық мәдениетіміздің дамуына өзіндік үлес қосуға атсалысып келген Көкпекті өңірі 19 мамырда Мәдениет қызметкерлері күнін атап өтті. 

Мерекелік кештің шымылдығы Преображенко ауылынан келген әнші Айдын Ғұмырбектің орындауындағы «Өз елім» әнімен ашылды. Аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова алғы сөзді алып, аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, жылы лебізін білдірді:

 

-Қазақстан Республикасының Прези-денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен тәуелсіз Қазақстанның мерекелер кестесіне екі жылдан бері жаңа кәсіби мереке – Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің күні қосылды. Елбасымыз өзінің жылдағы Жолдауында мәдениет саласының дамуын ерекше атап өтеді. Нұрсұлтан Әбішұлы өзекжарды ойларында: «Мәдениет ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші - зиялы қауым», - деген болатын. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады.
Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Шы-нында да өнер мәдениеттің алтын қазы-насы, адамның ұлылығын білдіретін ға-жап көріністердің бірі - оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы, - дей келе, мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мере-келерімен құттықтап, еңбектері үшін зор алғысын білдірді.
К.Смаилова жылы лебізінен кейін ауданымыздың мәдениет саласына зор үлесін қосып жүрген бірқатар мәдениет саласы қызметкерін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады. Атап айтатын болсақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше еңбегі, жоғары кәсіптік шеберлігі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Г.Бакиева, К.Щедринова, В.Есенбаева, А.Маханова, Д.Самарина, А.Жүнісова, Г.Бакиргалова аудан әкімінің алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Саржановтың алғыс хатына Е.Әміров, Т.Айдынова, Ж.Хасенов, Р. Байжұманов, Ш.Нұрғалиева ие болды.
Марапаттау сәті ШҚО әкімінің ІІІ форум дипломына, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл және мәдениет күніне арналған «Үздік клуб меңгерушісі -2016» облыстық байқауға белсене қа-тысып, ауыл мәдениетін көркейтуге үлес қосқаны үшін берілген 50 мың теңгенің сертификатына Тассай ауылдық округінің клуб меңгерушісі Катрен Байжұманов ие болды. Мерекелік шара аудандық Мәдениет үйі әртістерінің дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.
Концерттік бағдарламада жезтаңдай әнші Жаңабай Қасенов қызы Еркежан екеуінің орындауындағы «Родные люди» әні көкпектіліктерді қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, мәдениет сарайының ән-шілері және Көкжайық ауылынан келген жас әнші Ринат Құмарбек ән шырқап, мерекені әрлендіре түсті. Мерекелік шараға жиналған қауым ерекше әсер алып, жақсы көңіл-күймен тарасты.
Ауданымызда халық шығармашы-лығын дамытып, ұлттық өнерімізді насихаттауда халыққа мәдени қызмет көрсететін 67 мәдениет ошағы бар. Ауданның өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың шоқтығын көтеріп келе жатқан мамандық иелерінің еңбектері өлшеусіз.
Еңбектеріңіз жана бергей!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз