Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында Қоғамдық кеңестің кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Оған аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, құзырлы органдардың қызметкерлері,ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтың басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағалары және ауыл тұрғындары қатысты.


Мәжілісті ашып, жүргізген Қоғамдық кеңес төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев күн тәртібімен таныстырып отырды. Бүгінгіі мәжілістің, күн тәртібінде қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі Жер Кодексіндегі өзгерістер және Көкпекті ауданындағы автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары болды.
Бірінші мәселе бойынша, Көкпекті ауданы әкі-мінің орынбасары М.Теміржанов «Қазақстан Рес-публикасының Жер кодексіне өзгерістер мен то-лықтырулар енгізілу туралы»баяндама оқыды. Осы ретте Марат Қапарұлы жаңа заңнаманың нормаларын түсіндіре келе, осыған қатысты еліміздің кез келген азаматының пікірін білу маңызды екенін атап өтті.«Жерге қатысты заңнаманы халық болып талқылап, көпшіліктің мүддесіне сай келетін жағын қарастыру қажет. Жер біздің ең басты байлығымыз. Осы жылдың аяғына дейін жерге қатысты заңды талқылауға, ұсыныстары мен ой-пікірлерін білдіруге әркімнің де мүмкіндігі бар», - деді Марат Қапарұлы.
- Заңнамада ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке сатып алуға тыйым салынады, сондай-ақ шетелдіктерге салынған шектеулерді айналып өту тетіктерін де ескереді. Егер де шетелдіктер жалған неке арқылы жерді жекеменшігіне сатып алуға тырысса, ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе екінші нарықта жерді сатып алғысы келсе, бұндай жағдайларда әділет органдары тіркеуге қабылдамайды. Заң тұрғысында, бұндай тіркеусіз жер құқығына иелік те туындамайды.
Сонымен, әділет органдарындағы тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды, - деді.
Сондай-ақ, Марат Қапарұлы ауыл шаруашылығының жер учаскелері сатып алу мақсатындағы құқығы, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілуі жүзеге асырылуы ерекше тәртібімен таныстырды. Бұл ретте жер учаскесінің сату бағасы бойынша төмен мөлшерін 50% оның кадастрлық (бағалау) құнына жол берілмейді. Сонымен бірге жер учаскелерін мақсатты түрде пайдалануға, құрылыс жұмыстарын жүргізудегі өзгерістер де бар. Басқа мемлекеттің азаматтары бұрынғы әр түрлі мақсатта сатып алған жерлерін қазіргі таңда өз жеріне жеңілдікпен қожайындары бола алады.
Екінші мәселе бойынша, Көкпекті ауданы сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолау-шылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы М.Капчиков, Көкпекті ауданы бойынша автокөлік жолдары және жөндеу жұмыстары жайында баяндама оқыды. Бөлім басшысы Мақсат Зарыпханұлы, өз баяндамасында: «Көкпекті ауданына 2016 жылға 11 нысанды жөндеу жұмыстарына 106570,2 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда, 4 нысанға ағымды-жөндеу жұмыстары аяқталды. Олар Көкпекті Биғаш, Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов және Цепура көшелеріне, Қарақол- Палатца автожолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жоғарғы 3 нысандарға «Көкпекті Жолдары», ал бір нысанға ДСУ – 14 мекемелері мердігер болды. Қазір, тағы да 6 нысанға жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасы негізінде ау-данның құрылыс-жол жөндеу жұмыстарына 18175,7 мың.теңге көлемінде қаражат бөлініп, жұмыстары жоспарлануда. Соның ішінде атап айтсақ, Көкпекті ауылдық округінде, 5959,8 мың.теңге (А.Байтұрсынов, Саяхимов, Би Боранбай, Желтоқсан, Береговая, Конс-тантинова көшелері), Преображенка ауылына 1839,0 (Ленин, Куйбышев көшелері). Үлкенбөкен округінде 1748,0 мың теңге (Калинин және Киров көшелеріне ағымды жөндеу жұмыстары). Палатцы округіне 1112,0 мың.теңге (Палатцы ауылын аббаттандыру жұмыстары). Самар ауылдық округінде 3456,9 мың теңге (Букетов көшесіне шұңқырларды жөндеу жұмыстары), Мариногорка округінде 1077,0 мың теңге (Мариногорка ауылының Зеленая көшесі).Тассай ауылдық округіне 1844,0 мың.теңгеге). Бастаушы ауылдық округі 1142,0 мың.теңге (Көкжыра ауылындағы Абай көшесі) қаражат бөлінді.
Мақсат Зарыпханұлының сөзіне қарағанда, қазіргі таңда басты мәселе шұңқырды жөндеу жұмыстарын жүргізудегі қиындықтары болды. Самар мен Көкпекті ауылындағы барлық көшелерге жүргізілетін асфальт-бетон жұмыстары, аудан орталығына қатынайтын жолдар, көшелердегі жол белгілері және тағы да басқа мәселелердің шешімі бөлінетін қаражатқа байланысты екенін қадап айтты.
Кеңесті қортындылай отырып, Қоғамдық кеңес төрағасы Слямбек Насырбайұлы жер құқығы қатынастары саласындағы тәртіп және істің жалпы өрге басуы ауыл әкімдерінің белсенділігі мен олардың жер мәселесіне жауапкершілікпен қарауына байланысты екенін айта кетіп, осындай кездесулер алдағы уақытта жүйелі әрі дәстүрлі болатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, кеңейтілген мәжілісте жарыссөзге қатысқандар жер туралы өздерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын, тілектерін бүкпесіз ортаға салды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз