Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында түрлі салада еңбек етіп жүрген өңірдегі нәзік жандылармен кездесті. Салтанатты шараға өңірдің қала-аудандарындағы білім, ғылым, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, құқық қорғау, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласының, БАҚ, азаматтық қоғам өкілдері, Президент жанындағы Ұлттық комиссия мүшелері қатысты.
Толығырақ...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры, II дәрежелі “Барыс” орденінің иегері, Абай облыстық мәслихат депутаты Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы қызметтік сапармен келді. «Ұлағат» тәрбие жүйесі, «Тағзым» жобасы аясында колледж, мектеп ынтымақтастығын нығайту мақсатында Социалистік Еңбек Ері Жақия Шайжүнісовтің 110 жылдық мерейтойына арналған «Ұрпаққа аманат» атты қойылымын көрерменге тарту етті.
Қадірлі қонақтарымыз ең бірінші Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектептің мұражайымен танысты. Білім ордасында өткен Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің кіші ғылыми зерттеу орталығының Жақия Шайжүнісов туралы қойылымына аудан әкімі Әділет Қожанбаева қатысып, Шағангүл Алдамжарқызына, педагогикалық колледждің ұжымы мен студенттеріне ауданға келіп, Жақия Шайжүнісовті ұлықтау шараларын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға 6 аудан тұрғыны жазылып, өзекті мәселелерін ортаға салды. Тұрғындар тұрғын үй, жер қатынастары және жұмыспен қамту мәселелерін көтерді. Әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап алған Әділет Нұрсағатұлы сала мамандарымен бірге мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Тиісті сала басшыларына заң аясында қажетті қолдау көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар аудан басшысы көтерілген барлық мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайтынын айтты.
Құрметті аудан тұрғындары!
Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін:
2-72-55 (кеңсе бөлімі)
+7 777 990-08-70 (Рауя Алпысбайқызы) нөміріне хабарласа аласыздар.
Халықтың әрбір мәселесі назардан тыс қалмайды!
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.