Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

Ақпанның 12-сі күні аудан әкімі Әділет Қожанбаев бастаған дербес бөлім басшылары Семей қаласына барып, Шәкәрім атындағы университеттің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді. Бұл кездесудің басты мақсаты – жастарды ауданымыздың жетістіктерімен таныстырып, оларды өңірімізге жұмысқа шақыру болды. Кездесу барысында аудан басшысы түлектерге ауданымыздағы білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет және ауыл шаруашылығы салаларындағы бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат беріп, жас мамандар үшін жасалып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Сонымен қатар “Дипломмен ауылға” бағдарламасының мүмкіндіктерін және аудан кәсіпкерлері бастамасымен құрылған арнайы қордан білікті мамандарға қаржылай қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Толығырақ...
Өткен аптада Көкпекті ауылының "Елім-ай" мейрамханасында ауданның бетке ұстар шаруа қожалық басшылары мен кәсіпкерлері бас қосты. Оларды шақырған ауданымыздың әкімі Әділет Қожанбаев Көкпекті ауданының аграрлық саланы дамытқан, ауыл шаруашылығына маманданған өңір екенін тілге тиек етті. Ол шаруа қожалық басшылары арасында әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін жаны жомарт жандар көп екенін айтты.
Кездесу барысында аудан әкімі ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен даму жоспарларын талқылап, кәсіпкерлермен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. «Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы былтыр ауылшаруашылық қызметкерлері форумында әр азамат өзінің аймағын, туған өлкесін дамытуға үлес қосуы керек екенін айтқан, - деп бастады сөзін Әділет Нұрсағатұлы:

Наши земляки добились значимых успехов на открытом областном турнире по вольной борьбе, посвященном памяти уроженца поселка Ауэзов Жарминского района Садыбекова Мейрамхана Аскерхановича.
В соревнованиях приняли участие около 400 спортсменов из соседнего Кыргызстана, Жетысуской области и области Абай. На этих состязаниях выступили и наши юные борцы, заняв призовые места:
Ашимов Алинур стал победителем в весовой категории 57 кг, Казизова Аружан завоевала ІІІ место в весовой категории 54 кг.
Аким района Адлет Кожанбаев лично поздравил Алинура с победой, пригласив его вместе с отцом на встречу. Адлет Нурсагатулы побеседовал с талантливым юношей и пожелал ему дальнейших успехов на спортивном поприще.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.