Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Кәсіпкерлік - ел экономикасының дамуына серпін береді. Ол үшін шағын және орта бизнес иелеріне барынша жағдай жасалуы тиіс. Елбасы елімізде әрбір отбасының шағын бизнесі болуы керек дегенді тынбай айтып келеді. Дамыған мемлекеттерде де дәл солай. Ол үшін әсіресе, азық түлік тауарын өндіруші кәсіпкерлерге қолдау ерекше болуы шарт. Бұл бағаның тұрақтылығына әсер етеді.
Жергілікті кәсіпкерлер өзінің ісін ашып, тұтынушыларға шыға-рылған өнімдерін ұсынады. Тамақ өнімдері ішіндегі көшбасшылардың бірі болып нан пісіру саласы саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады.
Ас атасы - нан деп айтуымыздың себебі, нансыз адам өмір сүре алмайды. Нан бізге үлкен еңбектің арқасында келеді.
Қазіргі таңда әркімнің тағам жөніндегі талғамдары мен көзқа-растары әр түрлі. Алайда, қазақ дастарханын нансыз елестету қиын. Халқымыз ерекше құрметтеген нан күнделікті тағамымыздың ажырамас бөлігі болып қала бермек. Нан және нан өнімдері адам өмірінде маңызды рөл атқарады, тағам рационында ең маңызды орында болып табылады.
Самар ауылында нан шығаратын «Дүсіпов Б.Е.» ЖК наубайханасы ежелден тұрғындарға танымал, тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Наубайхана нан пісіруге лайық барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Нанды пісіру пеші 2 мың бөлке нан шығаруға қуаты жетеді. Ыстық пештен шыққан, буы бұрқыраған нан өнімдері тек қана Самар ауылына ғана емес, бүкіл төңіректегі ауылдағы дүкендерге тасымалданады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңың 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1.Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы К.Садыков
Аудандық
мәслихат хатшысы Р. Беспаев
Көкпекті аудандық мәслихатының
2016 жылғы __________
№____ шешімімен бекітілді
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
В соответствии со статьей 10Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года «О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан», подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Кокпектинский районный маслихатРЕШИЛ:
1.Дополнительно регламентировать порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций согласно приложению к настоящему решению.
2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
Председатель сессии К. Садыков
Секретарь районного
маслихата Р. Беспаев
Утвержден
решением Кокпектинского
районного маслихата
от_______________
№__________
Дополнительный порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.