Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Ұлы Жеңіске – 71 жыл. Осы мерекеге арналған шарада ерлік дастанына айналған батыр ата-бабаларымыздың рухына тағзым етіліп, арамызда жүрген асыл ардагерлерімізге құрмет көрсетілді. Әдеттегідей, биыл да көкпектіліктер Жеңіс мерекесін барлық сән-салтанатымен атап өтті.
Аудан орталығында 9 мамырда Ұлы Жеңістің 71 жыл толуына орай салтанатты шеру болып өтті. Ұлы Жеңіс мерекесіне ауылдық округ әкімшілігі, аудандық маслихат, аудан орталығындағы барлық мекемелер, сондай-ақ Көкпекті және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп, «Шуақты шұғыла» және «Балерке» балабақша қызметкерлері мен ауыл тұрғындары Жеңіс саябағына сап түзеп, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Гүл шоғын қою рәсімінен кейін жиналған қауым бейбітшілік пен өз елінің ертеңі үшін кеудесін отқа тосып, сұрапыл соғыста қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жеңіс саябағында Жеңістің 71 жылдығына арналған, салтанатты жиын болып өтті. Жиын еліміздің әнұранымен ашылды.
9 мая – День Победы – праздник и светлый, и грустный одновременно. С одной стороны, советская армия одержала победу, освободила весь народ. Но все это досталось очень дорогой ценой – миллионами жизней, рек слез и множества искалеченных судеб. Поблагодарить ветеранов – живых и погибших – за их подвиг в День Победы – самое малое, что мы можем сделать сегодня. По всей стране в этот день прошли митинги в память о погибших, в благодарность выжившим воинам. Прошел митинг в честь великого дня и в нашем районе.
В Парке Победы в селе Кокпекты с раннего утра 9 мая звучали песни военных лет. Доблестные ветераны и труженики тыла в сопровождении своих детей и внуков спешили занять почетные места у сцены. А тем временем на импровизированной сцене развивались события тех далеких лет, когда мирный народ впервые услышал страшное слово «Война!».
Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.
1992 жылы 7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушылар күні деп аталды. Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн. Еліміздің Президенті, Жоғары Бас қолбасшы Н.Назарбаев: «Отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған. Сондықтан әскерилердің бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтып, өсер ұрпақ ғибрат аларлықтай, үлгі тұтарлықтай, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді сарбаздар тәрбиелеу міндетіміз», - деп атап өткен болатын. Ендеше, біз, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты дарытуға барынша ынта қоюымыз қажет. Ұлы Отан соғысына қатысып, елімізді жаудан қорғаған ардагерлеріміздің ерлігі, үлгісі арқылы тәрбиелеуге барынша назар аударған абзал. Кешегі күні интернационалдық борыштарын атқарған Ауған соғысының жауынгерлерінің де жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы еңбектері айтарлықтай болып отыр.
Құрметті Отан қорғаушылар, ардагерлер, сіздерді осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Ел іргесі тыныш болып, ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр еліміздің шекарасы әрқашанда мықты болсын! Отан қорғаушы – ардақты мамандық, ел сенімін адал ақтау азаматтық ісінде сәттіліктер тілейміз!
Р.Сағандықов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.