Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2011 жылғы «Медиация туралы» Заң қабылданды. Ол біздің мемлекетіміздің сот жүйесіндегі басты жаңалықтардың бірі болды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқығын жүзеге асыруы болып табылады.
«Медиация» сөзі - латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мəмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация тараптардың ерікті келісім бойынша жүзеге асырылатын,

олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиаторлардың жəрдемдесуімен тараптар арасын дағы дауды реттеу рəсімі. Медиацияны, қарапайым тілмен айтқанда, бітімгершілік деп түсінуге болады. Яғни, қандай да бір мəселе бойынша тараптар арасында келіспеушілік туған жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар оны соттан тыс, өзара келісім жағдайында шеше алады. Екі арадағы келісім медиаторлар арқылы жүзеге асырылады. Аудан, қала, ауыл əкімдері рес-публика аумағында кəсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кəсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді. Медиацияның мақсаты: дауды бітімгершілікпен шешудің екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу. Медиацияны жүргізу кезінде еріктілік, құпиялық, медиатордың тəуелсіздігі мен бейтараптығы жəне медиация тараптарының тең құқылығы мен оның рəсіміне араласуға жол бермеушілік қағидаттары сақталуы тиіс. Медиация тəсілі сот ісіндегі тазалықты, əділ төрелікті қамтамасыз етудің негізгі тəсілдерінің бірі. Медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Ұлтымыздың тарихында билер институты болған. Азаматтар арасында туындаған дау-дамайларды билер, шешендер немесе беделі бар жергілікті ақсақалдар әділ шешіп отырған. Билердің негізгі шешетін мәселесі келген шығынды қалпына келтіріліп дауласушыларды бітімге жеткізу болып табылған. Көбіне сот шешіміне бір ғана тарап қанағаттанады, екінші тарап сот шешіміне риза болмағандықтан, істі апелляциялық, кассациялық жəне қадағалау сатыларында қайта қарауға өтініш береді. Аталған сатылардың əрқайсының өзінің уақыт мерзіміне байланысты істерді қарау бірнеше айға, ал, кейбір жағдайларда жылға созылып кетеді. Медиация əдісі арқылы азаматтар уақыт пен қаржы шығындарын үнемдейді.
Медиацияның артықшылықтары: тараптар уақытын үнемдейді, себебі, сот рәсіміне қарағанда бұл рәсім әлдеқайда қысқалау; мемлекеттік баж салығы төленбейді және адвокаттың қымбат тұратын қызметі керек емес.
«Медиация туралы» Заңымың күшіне енгеніннен бері Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотымен бірқатар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істре Медиация тәртібімен қысқартылды. Сонымен қатар аталған заң аясында бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, дәріс, семинар сабақтары және дөңгелек үстелдер өткізілді. Істің Медиация тәртібімен аяқталуына, дау-жанжалды бейбіт түрде шешуге Самар ауылының кәсіпқой емес медиаторы Н.Шалованың үлкен үлес қосқандығын атап айтуға болады.
«Медиация» Заңы жұмыс істеу үшін басты қолға алатын мәселе – бұл ақпараттандыру. Іс қарауда соттармен тараптарға медиация тәртібінің пайдалану құқығы түсіндіріледі, алайда бұл жеткіліксіз. Егер адамдарға медиаторлар кім, олар немен айналысады, медиация деген не және оның өмірде қажеттілігі туралы көбірек ақпарат берілсе, азаматтар шешілмеген дауларын медиатор келісімі арқылы шешуге жүгінер еді.

С.Дюсюпова
Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының
бас маман – сот мәжілісінің хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз