Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы: «Азаматтарға есеп беретiн жергiлiктi полиция қызметiн құру қажет. Бұл қызмет қоғамдық тәртiптi қорғауға, тұрмыстық қылмыстармен күресуге, жол-патруль қызметiне жауапты болуы тиiс»,-деген еді. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жергілікті полицияның қызметі басталды. Көкпекті ауданында құрылған бұл жаңа бөлімге Ферхат Равильұлы Мавлютов жетекшілік етеді. Жаңа қызмет түріндегі басшылыққа кіріскен лауазымды тұлғаның әңгімесін назарларыңызға ұсынып отырмыз:
- Заң қоғамдық тәртіп пен қылмыстылықтың профилактикасын нығайту, ішкі істер органдарының қызметіне халықтың сенімділік деңгейін арттыру және олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін қалыптастыру бөлігінде бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.
Жергілікті полиция қызметі туралы заң жоба-сының концепциясына сәйкес, оның құрылымына келесі бөлімдер кіреді: учаскелік полиция инспекторы және олардың көмекшілері, ювеналды полиция, аймақтық бөлімшелер мен мектеп инспекторлары, әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесі, табиғатты қорғау полициясы бөлімшесі, тұрғы-лықты жері жоқтарды және әкімшілік жаза-ланғандарды қабылдау-тарату бөлімшесі.Бүгінде ішкі істер органдарын оңтайландыру жолымен жүзеге асырылып жатқан жергілікті полиция қызметін ішкі істер органының бірыңғай жүйесіне құрылымды түрде енгізу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бұл қызмет ең көп бөліністер топтастырылған әкімшілік полиция аясында іске асырылуда. Бұдан бұрын да жергілікті әкімдіктерге Қазақстан Республикасының «Жергі-лікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңдардың аясында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру міндеті жүктелген болатын.

Алайда, осындай жауапты міндетті орындау полицияны қаржыландыру жұмыстарымен шектелгенін мойындауымыз керек, әкімдіктерде өз өкілеттіліктерін жүзеге асыратын нақты тетіктер болған жоқ. Бүгінде бұл олқылықтың орнын жергілікті полиция қызметі толтырмақ», – деп атап өткен еді ІІМ министрі.
Жергілікті полиция Ішкі істер министрлігінің бірыңғай орталықтандырылған жүйесінде қала береді. Ол құрылым жағынан жергілікті атқарушы органдардың құрамына кірмейді, бірақ оларға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беріп отырады. Жергілікті полицияның өкілеттілігі, міндеттері мен құқықтары Ішкі істер министрлігінің барлық жүйесіне қолданылатын заңдылықтармен рет-теліп отырады. Сондай-ақ, барлық Ішкі істер органдары сияқты, жергілікті полиция да Ішкі істер министрлігінің алқа шешімдері, нұсқаулары мен бұйрықтарының талаптарын орындауға міндетті. Жергілікті полиция қызметкерлері де Ішкі істер министрлігінің барлық қызметкерлері сияқты құқықтық мәртебеге және жеңілдіктер мен әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерге ие. Оларды қаржылай және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бұрынғыша іске асырылады. Сондай-ақ, әкімдер мен мәслихаттың өз аумақтарында жергілікті полиция қызметінің басқарушы құрамын тағайындау және орнынан босату құқығына ие. Жергілікті полиция қызметінің басшыларын тағайындауға кандидатты Ішкі істер министрі облыс әкіміне ұсынып, оған мәслихат депутаттары келісімін беретін болады. Аудандық және қалалық деңгейдегі жергілікті полиция бастықтарын сол аудандық және қалалық маслихаттардың келісімімен және облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысының ұсынысымен облыс әкімі тағайындайтын болады.
Көкпекті ауданында жергілікті полиция құра-мына 17 учаскелік инспектор, 4 кәмелетке толма-ғандар жөніндегі инспектор, басшысы мен орын-басары-барлығы 22 адам кіреді.
Тұрғындар жергілікті полиция қызметі бас-тығына арыз-шағым түсіріп, қылмыстық жауап-кершілікке тартуға арыз жазуға құқылы. Жергілікті полиция қызметі ауылдық әкімшіліктермен қатар қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады. Ауылдардағы ақсақалдар, ардагерлер, әйелдер кеңестері жергілікті полицияның айнымас көмекшілері болып табылады. Басты міндеті – қылмыстың алдын алу, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Жазып алған:
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз