Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елім-жерім деген қазақ даласының ұл-қыздарының армандары орындалып, еліміз тәуелсіздік алғанынан бері елеулі жетістіктерге жетті. ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің әр Жолдауында: «Болашақ дамуымызға едәуір кедергі келтіретін теріс құбылыс – сыбайлас жемқорлық екені баршаға аян. Осыған орай Қазақстан жұрты бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның дамуына қосылған үлес» - деген тұжырым жасап отыр. Себебі – қоғамға бөтен, елдің өркендеуіне кедергі келтіретін аса күшті құбылыс – сыбайлас жемқорлық.
Атап айтқанда, Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-әрекет жасау жауаптылығы да белгіленген болатын. Сонымен қатар, өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық деректері туралы әрбір басшы тиісті органдарға, лауазым адамдарына уақытылы жеткізуге міндетті, яғни, ол осы міндетін орындамаса заңмен қарастырылған тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу қызметі ынталандыру шаралары арқылы көтермеленеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің айрықша тергеуіне сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық қылмыс түрлері берілді.
Сыбайлас жемқорлық сияқты қауіпті әлеуметтік құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Қылмыстың қоғам үшін қауіптілігі еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін бірден біліне бастады. Мемлекеттік аппарат шенеуніктерінің сыбайластыққа салынуы белгілі болды. Осыған байланысты республикада бұл құбылысқа қарсы бағытталған заңдылық және ұйымдасьырушылық шаралары қолға алынып, бүгінгі күнде бұндай қылмыстар жасағаны үшін жауаптылық та күшейтілген.
Сыбайлас жемқорлық азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандығын бұзуға әкеліп соғады. Оның өріс алуы мемлекеттік аппараттың жұмысына нұқсан келтіріп, оның беделін түсіреді. Қоғамдық санада өкімет органдары қызметінің жұмысының тиімсіз екенін, олардың құзіретінің әлсіз екенін көрсетеді. Халықтың өкіметтен алшақтауы орын алады. Бұның барлығы мемлекет пен қоғамның саяси қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.


Жең ұшынан жалғасу әрекеті нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің құқық қорғайтын мүддесін елеулі түрде бұзу орын алады. Осы белгілер бойынша ғана сыбайлас жемқорлық қылмысын әкімшілік, азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрінен айырып алуға болады. Аты-жөні жоқ арыз-шағымдар тексерілуі тиіс және мұндай арыз- шағымдарда жалған мәліметтер берілсе, ондай хабарлама берген субъектілер тиісті жауаптылыққа және жазаға тартылуы қажет. Заң нормаларымен осы ұсыныстар реттелген жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмысқа тосқауыл қойылар ма еді? - деген сауал туады.
Қандай да іс әрекет, қылмыс, теріс қылықтар жасалмасын әр адам өзінен бастауы керек шығар. Осының барлығын тұжырымдай келе, әр қадамымызды ойлана басып, әрқайсымыз «сыбайлас жемқорлық» деген қауіпті әлеуметтік құбылысқа қарсы күресті өзімізден бастайық.
И.Құсманқызы, Көкпекті аудандық сотының бас маманы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз