Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», - деп тауып айтқан дана халқымыздың ескертуі тегін болмаса керек. Ал осы айтылған қанатты сөздерді бүгінгі таңда, ең алдымен, аса қатерлі дерт – туберкулезге байланыс-ты қолдануға болады. Туберкулез – қатерлі, жұқпалы ауру болып қалуда. Тұрғындардың еңбекке жарамдылығын жоғалтып, өлім жағдайларына апарып соғуына байланысты мемлекетке үлкен зардабын тигізуде.
Өткен аптада Қ.Алтынбаев атындағы мә-дениет үйінде Бүкіләлемдік туберкулезге қар-сы күрес күні аясында, «Туберкулез ауруына «жоқ» де!» тақырыбында кеңейтілген конференция болып өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қалдыбаев, Көкпекті орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Ә.Рахимбаева, «ҚР ҰЭМ ТҚҚК ШҚО ТҚҚ департаментінің Көкпекті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының» РММ басшысы Г.Абдрасулова және бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, «НұрОтан» партиясының өкілдері қатысты.


Конференция барысында алғаш сөз алған Гүлмира Қабышқызы ШҚО бойынша эпиде-миологиялық жағдай туралы баяндап берді. Сондай-ақ, бөлім басшысы Көкпекті ауданы туберкулез проблемалары бар эпидемиялық сипатқа ие екенін атап өтті. Туберкулез ауруынан дер кезінде емделмесе, оның қоршаған ортаға әсері тиетінін қадап айтып, бүгінгі жиынға Самар өңірінен ешкімнің келмегеніне реніш білдірді. Ал, орталық аудандық аурухананың фтизиатры А.Алдажұманова туберкулез ауруының алғашқы белгілері мен сақтану жолдары туралы түсінік берді. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы туберкулезге қарсы меди-циналық жаңа әдістерге де тоқталып өтті.
Үлкенбөкен ауылынан келген ЖТД З.Ати-манова туберкулезді ерте диагностикалау үшін флюорографиялық әдісті қолдану қажеттігін жеткізді. Көкпекті ОАА фтизиатры Б.Ізғұттинов статистикалық деректерге сүйеніп, Көкпекті ауданы бойынша флюорографиялық тексерудің нәтижесімен таныстырды.
Конференция барысында Көкпекті орталық аудандық ауруханасының «Салауатты өмір салты» бойынша дәрігері О.Дериглазова, 2016-2019 жж.арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының мәні мен міндеттерін баяндап берді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қабайұлы: - Туберкулездің қатерлі ауру екенін естен шығармау керек. Аурудың уақытылы анықталмауы емделмеу салдарынан асқынулармен қайғылы жағдайларға апарады, керісінше туберкулез ерте анықталып, дұрыс ем қабылдаған жағдайда науқастың құлан-таза сауығуы әбден мүмкін. Сондықтан, ауылдық округ әкімдерімен, денсаулық саласының мамандарымен жүйелі жұмыс атқарайық, - деді.
Сөз соңында айтарымыз, туберкулезбен тек денсаулық сақтау қызметкерлері күресіп үлкен нәтижеге жете алмайды, тіпті мемлекеттің жоғарғы деңгейдегі қолдауы негізінде де денсаулыққа байланысты ынтымақтастық болу керек. Яғни, тұрғындар өз денсаулығына жауапкершілігін арттырып, уақытылы тексеріліп, қоғам өкілдеріне қолдау көрсеткендері жөн.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз