Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасында «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық жолы 2016 – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Отырысқа аурухана қызметкерлері де қатысты. Алғашқы сөзді бас дәрігердің орынбасары А.Рахимбаева алды.
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» атты денсаулықты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, оны ауданның емдеу мекемелері жүзеге асыра бастағанын бәріміз жақсы білеміз. Бағдарламаны әзірлеуге ел Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылдың 1-ші ақпанындағы № 922 «2020 жылға дейінгі ҚР-ның стратегиялық дамуы» Жарлығы, 11 қараша 2014 жылғы «Нұрлы жол» Қазақстан халқына Жолдауы, «100 нақты қадам» - Ұлттық жоспары, Елбасымыздың 30 қараша 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы себеп болды» - деді бас дәрігердің орынбасары.


Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамы-тудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы алдыңғы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қисынды жалғасы. Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылмақ: бірінші кезең - 2016-2018 жылдар, екінші кезең - 2019-2020 жылдар. Бағдарламаның негізгі міндеттерінің ішінде - санитариялық әл-ауқатты, қауіп факторларының профилактикасын қамтамасыз ету, дұрыс тамақтануды насихаттау мен салауатты өмір салтын ынталандыру негізінде халықтың денсаулығын нығайту бар.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы отбасылық медицина қағидаларын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін және қаржыландырудың үлгілерін енгізуді қарастырады. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмек көрсету саласында науқастарға отбасылық қағида бойынша қызмет көрсетуге кезең кезеңмен көшу қарастырылған. «Бағдарламаның мақсаты адамдар денсаулығын қорғаудың тұрақты және тиімді дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін министрлік «санитарлық әлеуетті қамтамасыз ету, сын-қатерлердің алдын алу, дұрыс тамақтануды насихаттау, салауатты өмір сүру салтына баулу, сапалы медициналық қызмет көрсету сынды міндеттерді шешуі қажет. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жоспарларға тоқтала келе, жобаны жүзеге асырғанда: «2021 жылға қарсы адамдардың өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа ұзарады. Ана өлімінің азаюы 3 есеге қысқарады, сәби өлімі 2 есеге, жалпы өлім-жітім 2010 жылмен салыстырғанда 30 пайызға қысқарады деп жоспарлануда»,- деді А.Рахымбаева.
Қоғамдық кеңеске қоғамдық ұйымдармен қатар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының штаб мүшелері де қатысты.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз