Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тұмау күн райының өзгерісіне қарай пайда болатын ауру түрі. Қазіргі күні біздің елімізде, оның ішінде біздің ауданда тұмауға байланысты ауруханаларда карантин, яғни шектеу жарияланған. Самар ауылындағы ауданаралық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Өртбайұлы Саңқайбаевпен бүгінгі күнгі ахуал туралы әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
-Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. Influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы –ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгілейді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады.
Жалпы тұмау жүретін уақыт қаңтар-ақпан айлары. Қазіргі күн райының өзгерістеріне байланысты тұрғындар арасында тұмау ауруы өршіп тұр. Олардың көпшілігі — балалар. Дәл бүгінгі түнде жедел жәрдем шақырылған 7 үйде де дене қызуы көтерілген ЖРВИ-ға шалдыққан балалар болған. Оларға дәрігерлер үйлеріне барып ем тағайындап, бақылауға алды. Қазіргі күні ауруханада тұмауы асқынған 7 науқас емделуде. Күн сайын облыстық вирусологияға мәлімет беріп, науқастардан алынған сынама жіберіліп тұрады. Жіберілген 20 сынама бойынша Н-1,N-1 вирусы нақтыланбады. Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша 15 оқиға тіркелсе, оның 14-і Өскемен, біреуі Шемонайха қаласында анықталған.
Медицина қызметкерлері бүгінде 1012 үйді аралап, 2051 адамның денсаулығын тексерді, 78 науқас бала анықталды. Есепте тұратын 86 жүкті әйел бақылауға алынды, олардың арасында тұмауға шалдыққандар жоқ. Үйлерді аралау жұмыстарын барлық ауылдардағы медициналық қызметкерлер атқаруда. Қазан-қараша айларында өңірдің медицина қызметкерлерін жинап дәріс-сабақтар өткізілді, сондай сабақ қаңтар айының 27 – күні тағы да қайталанды. Күзде барлық медицина қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе егілді. Тәуекел топқа тіркелген 3145 адамға тегін және ақылы 100 адамға да екпе егілді. СӨС кабинеті мен дәрігері тұрғындар арасында тұмау мен ЖРВИ аурулары туралы ақпараттық жұмыстар жүргізді.
Тұмауды таратпаудың бірден – бір жолы науқас адамды оқшаулау болып табылады. Осы орайда емханада сүзгі (фильтр) кабинет жабдықталған. Ауруханаға өз аяғымен келген науқас адам жалпы емханаға жіберілмей, осы «сүзгі» кабинеттте қаралады. Мұнда оларды дәрігер қабылдап, тиісті ем тағайындайды. Қазір бұл жұмысты И.Байзақова атқарып отыр. Сол жерде сынама да алынады. Сондай-ақ, жедел жәрдемнен басқа 31-153 нөмірлі «шұғыл телефон» жұмыс істейді, бұл «сенім телефоны» да болып табылады. Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін бұл телефон арқылы өздеріне қажетті ақпаратты алуға болады.


Міндетті медициналық бақылауды ұзақ уақыт салқын тигеннен ауыратын және әр түрлі ағзаларының қайталама ауруына шалдыққан кішкентай балалар аса назар аударуды қажет етеді. Балаларды тұмаудан кейінгі асқынулардан соң денсаулығы қанағаттанарлық болған жағдайдың өзінде стационарға жатқызу керек. Сондықтан да ауруханадағы 40 төсектік орынның 10 төсегі қазір инфекциялық ауруларға берілген. Қазірде 7 бала ем алуда. Егер эпидемиялық өршу байқалатын болса, қосымша 20 орын қосуға әзірміз. Күнделікті бір «жедел жәрдем» көлігі дайын тұрады, қажет болған жағдайда резервтегі екі «жедел жәрдемді» шығара аламыз. Мариногор, Сарыбел, Бастаушы, Палатцы ауылдарындағы амбулаторияларда «жедел жәрдем» көліктері бар. Қазіргі күні ауылдың барлық көшесі қардан тазартылған, «жедел жәрдем» көліктері еркін кіре алады. Науқастарды емдеуге дәрі-дәрмек жетерлік, кем дегенде екі айлық қор бар.
Тұмау балалар арасында мектеп сыныптарында, спорт секцияларында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде тез таралады. Мысалы, науқас адамның түшкіру немесе жөтел кезінде бөлінетін сілекей мен қақырықтың ұсақ тамшыларын ауамен дем алғанда.
Тұмау вирусы сөйлесу кезінде берілуі мүмкін, өйткені науқас адамнан бөлінетін тамшылар 2-3 метр қашықтыққа дейін таралады. Қол алысу туралы да ұмытпаған жөн. Науқас адаммен тікелей байланысқа түскен кезінде, мысалы оқушылар арасында қарындаш, компьютерлік ойындар, шанышқы немесе қасық сияқты заттарды бірге пайдаланған кезде жұқтырады.
Сондықтан балалар немесе ересектер арасында жұқпаны таратушы тұмаумен ауыратын адам болса оларды дер кезінде оқшауландырып, тиісті ем жасап, өзгелерге жұқпау әрекеті жасалуы керек.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз