Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аудандық мәслихатының кезекті оныншы сессиясының күн тәртібінде аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп тыңдалды. Мәслихат депутаты Ринат Кажиакперов төрағалық еткен кезекті сессия жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қалдыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сай бірінші болып сөз алған экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гаухар Смағұлова 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы есептік баяндама жасады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Советқан Дүйсенбаев 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуын бақылаудың нәтижесі туралы есеппен таныстырды.


- Есепті жылдың қорытындысында өңірді дамытудың экономикалық көрсеткіштері бойынша экономиканың барлық дерлік салаларында болжамның артығымен орындалғаны байқалады. Аудан бюджетінің бекітілген параметрлері жыл көлемінде енгізілген нақтылаулар мен түзетулерді ескере отырып, жалпы қанағаттанарлық деңгейде орындалды. Есепті кезеңде аудан бюджеті түсімдер бойынша 103,2%-ға және шығыстар бойынша алты мәрте нақтылауды ескере отырып 99,6%-ға орындалды, - дейді тексеру комиссиясының мүшесі.
Ауданның көктемгі дала жұмыстарын өткізуге дайындық барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов баяндама жасады. Баяндамашының дерегіне сүйенер болсақ, ауданның ауылшаруашылық саласы көктемгі – дала жұмыстарына тас-түйін дайын. Дегенмен, депутаттар тарапынан Марат Қапарұлына дайындық барысында әлі де пысықтауды қажет ететін кейбір мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Оның ішінде халық қалаулыларын толғандырып отырған жеңілдетілген жанармаймен қамтамасыз ету мәселесі.
Әртүрлі бөлімінде сөз алған мәслихат хатшысы Талғат Сармановтың баяндамасындағы барлық сұрақтар бойынша қаулы шешімдері қабылданды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз