Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кәсіпкерлік - ел экономикасының дамуына серпін береді. Ол үшін шағын және орта бизнес иелеріне барынша жағдай жасалуы тиіс. Елбасы елімізде әрбір отбасының шағын бизнесі болуы керек дегенді тынбай айтып келеді. Дамыған мемлекеттерде де дәл солай. Ол үшін әсіресе, азық түлік тауарын өндіруші кәсіпкерлерге қолдау ерекше болуы шарт. Бұл бағаның тұрақтылығына әсер етеді.
Жергілікті кәсіпкерлер өзінің ісін ашып, тұтынушыларға шыға-рылған өнімдерін ұсынады. Тамақ өнімдері ішіндегі көшбасшылардың бірі болып нан пісіру саласы саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады.
Ас атасы - нан деп айтуымыздың себебі, нансыз адам өмір сүре алмайды. Нан бізге үлкен еңбектің арқасында келеді.
Қазіргі таңда әркімнің тағам жөніндегі талғамдары мен көзқа-растары әр түрлі. Алайда, қазақ дастарханын нансыз елестету қиын. Халқымыз ерекше құрметтеген нан күнделікті тағамымыздың ажырамас бөлігі болып қала бермек. Нан және нан өнімдері адам өмірінде маңызды рөл атқарады, тағам рационында ең маңызды орында болып табылады.
Самар ауылында нан шығаратын «Дүсіпов Б.Е.» ЖК наубайханасы ежелден тұрғындарға танымал, тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Наубайхана нан пісіруге лайық барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Нанды пісіру пеші 2 мың бөлке нан шығаруға қуаты жетеді. Ыстық пештен шыққан, буы бұрқыраған нан өнімдері тек қана Самар ауылына ғана емес, бүкіл төңіректегі ауылдағы дүкендерге тасымалданады.


- Өкінішке орай, өзіміздің кәсіпорында өндіріліп шығарылған ұн болмағандықтан, біз жаңа жылдың қаңтар айынан бастап біраз уақытқа дейін нан шығаруды тоқтаттық, - дейді бас есепші Әсем Маратқызы Дүсіпова. – Бірақ, біз осы кәсіптің басқа жолын тауып, ұннан жасалатын кондитер өнімдерін – печенье, пряник, торт, тоқаш, басқа да тәтті тағамдар шығаруға бет бұрдық. Қазіргі таңда ұнның бағасы - 1кг-на 75 теңгеден, біз қаладан сатып әкелеміз, сондықтан нанның бағасы сәл жоғары. Әсем Маратқызының ай-туынша, жуықта наубайхана тәулігіне 200 бөлке нан шығара бастады. Халықтың көңілінен шыққан, «дүсіповтардың» өніміне сұраныс артып, көпшілік тұтынушылардың жағдайын ескере отырып, (1 cұрыпты нанның бағасы 75 теңге), нанның 1 сұрпының көтерме бағасы 73 теңге, 2 сұрыпты 63 теңгеден шығаратын болды. – Жаңа піскен нанның сапасының жоғарылығынан сұраныс та арта түсті, біздің өнім Мариногор ауылының тұрғындары арасында сұранысқа ие болып отыр. Сондықтан да, күнделікті бір автокөлік толы нан өнімдері сол ауылдың тұрғындарына жеткізіліп тұрады. Самар ауылында Орталық әмбебап маңында бір сауда нүктесін орналастырдық. Өтімі жақсы. Дүкендерге тапсырыс бойынша жеткізіп бере аламыз. Сондай-ақ, кебектен, бидай және қара бидай қосылған, «Крестьянский» деген нан өнімі тұтынушылар арасында пештен шығар-шықпастан өтіп кетеді, - дейді Әсем Маратқызы.
Кондитер өнімдерінің құрамында қант көп (70%-ға дейін) болатындықтан, ол ұзақ уақыт сапасын жоғалтпайды. Қолайлы орамада қолжетімді бағамен сатылады. Мысалы, 170 грамдық печенье «Ракушка», «Фрутти», «Фантазия» тағы да басқалары 90 теңгеден сатылады. Круассандар, пряниктер, тортттың екі түрлісі – «Черепаха», «Медовый» өтімі жоғары болып табылады Бір сөзбен айтқанда, «Дүсіпов Б.Е.» ЖК наубайханасында 30–дан астам түрлі нан өнімі шығарылады екен.
- Наубайханадағы жұмыс ауысыммен атқарылады. Кондитерлік цехтың өнімі біраз уақыттан бері түрлене түсті. Ұжымда жауапкершілігі мол, еңбекшіл адамдар жұмыс істейді. Технолог Раушан Құмашева, кондитер Перизат Сегізбаева, наубайшылар Гуля Байғалиева, Үміт Құдабаева. Қазір нарықта бәсеке өте күшті. Дегенмен алдымызға қойған мақсатымыз бар. Алдағы уақытта да халыққа қажетті сапалы отандық өнімнің жаңа түрлерін ұсынуды көздеп отырмыз. Ең бастысы, бәсекеге қабілетті бола білуіміз керек, - дейді Әсем Дүсіпова.
«Дүсіпов Б.Е.» ЖК наубайханасы көктемгі дала жұмыстары және күзгі орақ науқаны кезінде Мариногор, Жұмба елді мекендеріндегі агроқұрылымдарды да нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз етеді.
Кондитер өнімдерін шығару аса талғампаздықты қажет ететіндігін айтады мұндағы мамандар. Сондықтан, ұжым әр кез жаңа өнім түрлерін ойлап табумен де айналысады екен. Бір сөзбен айтқанда, бұл істе үнемі ізденіс қажет. Айта кетуіміз керек, кондитер цехы тапсырыспен пісіретін бауырсақ, шелпек, тоқаш өнімдері де самарлықтардың сұранысына ие болған.
Егер де үйіңізде той-думан, кішігірім мереке өткізетін болса-ңыздар тәтті тоқаш, торт, бауырсақ қажет болса, осы наубайханаға мына телефондар (31 -551, 31- 352) арқылы тапсырыс беруге болады.
Осылайша отандық азық-түлік тауарлары жергілікті өнімдермен толығуда. Кәсіптеріңіз нәсіптеріңізге айнала берсін, еңбекшіл ұжым, дейміз біз!
Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз