Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданындағы 80 жылдан асатын тарихы бар балалар үйі туралы сөз қозғал-са, оның іргетасын алғаш қалау-шылардың бірі «Қазақтың Макаренкосы» деген атаққа лайық болып, аты аңызға айналған педагог, мың баланың әкесі атанған Жақия Шайжүнісов сынды ұстазды еске алмау мүмкін емес. Педагогтық арнаулы білім алған жас маман алғаш еңбек жолын аталмыш балалар үйінен бастап, еңбек баспалдағымен директорлық қызметке дейін көтеріледі де зейнеткерлік жасқа жеткенше, тапжылмастан саналы ғұмырын ата-ана мейіріміне зәру балаларды тәрбиелеу ісіне арнайды.
Тумысынан зерек, байыпты, тапсырылған ша-руаны орындауда тыңғылықты Жақия Шайжүнісұлы күн демей, түн демей бел шеше кірісудің қажеттігін алғаш іске кіріскенде-ақ түсінген еді. Қарғыс атқыр беймезгіл уақытта шыр етіп дүние есігін аша сала тағдыр тәлкегіне тап қылған қатыгез шақтың төлдері – бейкүнә сәбилер тағдырын жүрегімен ұқты ең бастысы. Екі жасында әкеден, төрт жасында анадан айырылып жетімдік қамытын киген Жақия тағдырлас тәрбиеленушілердің мөлдіреген көздерінен айықпас мұңды көрді. «Жетім көрсең жебей жүр» деген даналар өсиетін өмірлік ұстанымы етіп алды.


Өткен ғасырдың 30 жылдары өз тіршілігін бас-тап, қаншама панасыз сәбилерге баспана болып, қабырғасынан мыңдаған қорғансыз балаларды қанаттандырып ұшырған киелі шаңырақтың жаққан оты әлі де сөнбей, әлі де тағдыр талқысына ұшыраған балақандарға саялы ұя болуда. Қазіргі күні осы мекемені 33 жыл қызмет еткен педагог, Қалыбай Алтынбаев басқарады. Оның берген мәліметі бойынша қазіргі таңда балалар үйінде 56 бала тәрбиеленуде, 70 адамнан құралған үлкен ұжым жұмыспен қамтылған.- Ата-ана қамқорлығына зәру балғындардың сапалы білім саналы тәрбие алуы үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Ұжымдағы педагогтар мен қызметкерлер бар ынталарын салып, тәрбиеленушілерге жан-жақты қызмет көрсетеді. Өкінішке орай, бұл олардың туған әке-шешесі беретін мейірімді алмастыра алмайтыны да рас.
Бас ғимараттағы «Мың баланың әкесі» атанған ұстаздың мұражайы ол туралы жарқын естеліктерді үнемі жадымызда жаңғыртып тұрады. «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деп данышпан Абай айтып кеткендей жарты ғасыр ұстаздық жолда қиын-қыстауды бастан кешірген Жақия ұстаздың зейнеті – шәкірттері. Мыңдаған тәрбиеленуші қолында өсті, мыңдаған тағдыр иелерінің арасында қарапайым жұмысшы да, қаһарман батыр да бар. Социалистік Еңбек Ері Құмар Раев, прокурор Халел Әкімжанов, профессор Алексей Трунов, үздік педагог Солтанбек Өріспаев, осылайша тізбектей беруге болады.
Біз бүгінгі күні Жақия Шайжүнісовтей ұлы ұстаз салып берген жолмен оның мәртебелі істерін жалғастырып келеміз деп нық сеніммен айта аламын. Облыс, республика көлемінде балалар үйлері арасында өтетін түрлі байқаулар мен жарыстарда жүлделі орындардан көрінудеміз. Кейінгі толқынның арасынан талай жақсы азаматтар тәрбиеленіп шықты, еліміздің әр түкпірінде сан салаларда еңбек етіп жүр, - дейді Қ.Алтынбаев. Бүгінгі таңда спорт, білім жағынан биік жетістіктерге жеткен А.Котляревская, М.Ахметов, Д.Кондрашина, Н.Мақаева, К.Коновалова, Д.Жұмабеков және т.б. көптеген тәрбиеленушілер аталмыш мекеменің мақтанышына айналған.
Әкесі Қабден Нұрмұханов ұлағатты ұстаздан тәрбие алған, өз басы жастайынан балалар үйінің тыныс-тіршілігімен етене таныс Асқар Нұрмұханов естелігінде былай дейді: - Балалар үйі мен үшін ерекше ыстық. Өйткені, менің асыл әкем осында Жақия ағаның алдынан тәрбие алып, ержетті. Сөйтіп, өзі де ұстаздық жолды таңдады. Жастау кезім болса да байқағаным, Жақия Шайжүнісұлы балалар бойына Отанға, адамдарға, еңбекке деген сүйіспеншіліктің ұрығын себе білген тамаша педагог. Ұрпақ тәрбиелеудегі рухани-адамгершілік, толеранттылық, ұлтаралық татулық бағытындағы дана көзқарастары, мемлекетіміздің қазіргі таңдағы жаңашыл ұстанымдарымен сәйкестігімен таң қалдырады.
Тәрбиеші Әния Құсайынова 30 жылдан астам балалармен тәрбие жұмысын адал атқарып, қасиетті қарашаңырақта Халық мұғалімінің игі бастамасын жалғастырып жүр. Әния Тұрсынқызының айтуынша ата-анасы Ж.Шайжүнісовтың қарама-ғында еңбек еткендіктен ұстаздың үлгілі істерін бала кезінен көріп, көңілге түйіп өскен. - Оның ұжымды басқару әдісі, жұмысшыларға деген қамқорлығы, балаларға көрсеткен әкелік мейірімі бәрі-бәрі көз алдымда. Қазақстандағы балалар үйі директорлары арасынан суырылып шығып «Социалистік Еңбек Ері», Халық мұғалімі, бала жанының бағбаны,этнопедагог... Ұстаздық өмір жолында көптеген жоғары атақтар мен марапаттарға лайық Ж.Шайжүнісовтың ең бағалы сыйлығы – өзін әке деп атаған мыңдаған жетім балалардың сүйіспеншілігі мен алғысы еді, - дейді Әния ұстаз тебірене.
Сондай-ақ, Қ.Раев атындағы балалар үйінде бүгінгі күні бойындағы бар білімі мен абзал қасиеттерін тәрбиеленушілерге арнап жүрген, көп жылдық еңбек өтілі бар Х.Құсайынов, Н.Тойсабаева, Р.Қоржынбаева, Артықпаева, Ф.Мұхсинова, Т.Құнапиянова, В.Құнапиянова, С.Қойшығұлова, А.Смағұлова, Р.Насибуллин, Г.Өскенбаева сияқты педагогтар мен қызмет-керлерді атап өтпеске болмас. Олардың барлығын бір мақсат біріктіреді, ол көз алдарында жүрген жеткіншектердің аман-саулығы, тамағының тоқтығы мен киімінің көктігі, жатын бөлмесінің жайлылығы және білімі мен тәрбие деңгейінің талапқа сай болуы. Ата–ана қамқорлығына мұқтаж бал-ғындарды қоғамға пайдасын тигізе алатын азамат етіп өсіру міндеті.
Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз