Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жалпы, қоғам дамыған сайын біздің сөз қорларымызға термин сөздер көптеп ене бастады. Соның бірі медиация термині. Бұл термин латынның «mediare» делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация–үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі.
Аталған үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз. Ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.
Бұл институт жалпы азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастардан

туындайтын мәселелерді шешуге арналған. Кез келген заң қаралғанда дүниежүзілік, халықаралық тәжірибелерге талдау жасалады. Сол талдаудың ішінде біз байқап отырсақ Бразилия, Корей сияқты елдерде ең алғашқыда үлкен келіспеушіліктер туындаған екен. Ондағы негізгі қарсылық білдірген тұлғалар адвокаттар екен. Өйткені, адвокаттар бұл заң қабылданып кетсе дау-шарларды шешуде біздің үлесіміз азайып қалады деп қорыққан көрінеді. Осындай пікірлердің салдарынан көптеген мемлекеттерде медиация заңы кешеуілдеп қалды деген тұжырым бар. Медиация институты қазақ халқына жат емес, керісінше, жақын екенін айта кеткім келеді. Жалпы, біздің халық дау, сот деген дүниелерден алшақ жүргісі келеді ғой. Қазақ басын дауға қалдырмауға тырысқан. Ал егер қоғамдық қатынастарда белгілі бір даулар туындап жатса оны ресми соттың алдына бармай-ақ ел ағаларына, қоғамдағы беделді ақсақалдардың алдына барып шешіп алатын болған. Сол себепті бүгінгі қоғамымыздағы қатардағы жұртқа қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ бұл ата-бабамыздың салтында, дәстүрінде болған институт. Медиация институтын қабылдар кезде қалай атаймыз деген де сұрақтар туындаған болатын. Сол кезде ғалымдар мен сарапшылар медация заңы қабылданатын болса оны билер институты деп неге атамаймыз деген де пікірлер болған. Бірақ әлемде медиация деп қолданылғандықтан басқа ұсыныстар қабылданбады. Мынау жаһандану заманында өзіміздің болмысымызды ескеруіміз керек. Бірақ, дүниежүзілік заң нормаларымен де қатар жүруіміз қажет. Осы себепті бұл заңның аты «медиация туралы» деп аталды. Бұл заңның біздің қоғамның мүддесін қорғауда атқарар рөлі зор. Мақсаты мен міндетін орынды пайдаланатын болсақ, ұтар жеріміз де көп болар еді. Өйткені медиаторлардың мақсаты – екі тарап арасындағы белгілі бір даулы мәселені сотқа дейін шешу. Егер дау өте күрделі болса, сотқа дейін оның күрделілігін төмендету. Заңның басты мақсаты – екі жақтың құқын тең сақтап, мүдделерін қорғап алуларына жағдай жасау. Медиацияның қағидаттарына келер болсақ, ол – еріктілік. Азамат басына іс түссе медиация орталығына бара ма, жоқ па өзі шешеді. Екінші қағидаты екі жақтың да тең құқылығы. Мәселен, кәдімгі сотта қарапайым халық үшін күдік басым болады. Сот екінші тараптың мүддесіне жығылып отырған сияқты, мына тараптың дәлеліне аз көңіл бөліп отырған сияқты болып көрінеді де, сотқа деген сенімге де селкеу түседі. Ал медиацияның ерекшелігі екі тараптың да тең құқылылығының сақталуында. Сонымен қатар, тағы бір ерекшелік медиаторлардың тәуелсіздігі мен бейтараптығы. Тағы бір мәселе, егер екі тарап медиацияның көмегіне жүгінеміз деп тұрса оған ешқандай орган араласа алмайды. Одан кейінгі тағы бір қағидаты – құпиялылығы. Жасыратыны жоқ, соттың шешіміне байланысты қоғамдық пікір туып жатады ғой. Келіспеушілік, наразылық білдіреді соңында. Ал медиация заңына жүгінгенде ол жерде бәрі құпия күйінде шешіледі. Медиатор және екі тарап қана мәселенің қалай шешілгенін біле алады. Осындай ерекшеліктері бар. Бұл заңды әрбір азамат жақсы түсінулері керек. Біз дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына енеміз деп жатырмыз. Сондықтан халықаралық талаптарға сай дұрыс заңдар мен нормаларды мұқият қарап, зерделеп, саналы түрде қабылдауға болады. Әрине екінші жағынан қазақтың таным-түсінігіне, ұлттық болмысына қайшы келмеуін де ескермеске болмайды. Медиация заңы арқылы түйінді тарқатамын деушілер үшін бұның оң ықпалы, пайдасы мол деп айтар едім. Болашақта халық медиация институтына мән беретін болады. Қазақта судың түбін шым бекітеді, даудың түбін қыз бекітеді, деген сөз бар. Ертеде кейбір келіспейтін даулар болса, екі жақтан сұрайды екен, сенде қыз бар ма, сенде ұл бар ма деп. Екі жақты құда етіп, даудың бетін қайтарған оқиғалар да болған деседі. Қазақта кез келген дауды шешудің әдіс-тәсілдері көп болған. Қазіргі соттың міндеті бір тараптан екінші тарапқа материалдық шығынын алып беру болса, ол кездегі дауларды шешетін тұлғаның мақсаты тек екі жақты татуластырып, ертең екеуі бір-біріне ала көз болмауын, кейін қайта жауласпауларын қамтамасыз ету болған. Мына жаңа заманда қабылданып жатқан медиация заңы біздің болмысымызға сәйкес азаматтардың мүдделерін аяққа таптамай, керісінше екі жақтың да ақ батасын алатындай дәрежеде жұмыс жасай алады деп сенемін. Менің пікірім осындай.

Г.Өмірзақова, Көкпекті аудандық сотының
бас маман - сот отырысының хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз