Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен жұмада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Көкпекті ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері, «Іскер әйелдер» клубының мүшелері, әйелдер кеңестерінің төрайымдары келді. Отырыс төрағасы аудан әкімінің м.а. Ерлан Қабайұлы Қалдыбаев зал толы нәзік жандарға жылы лебіз білдіріп, төрлетіп жеткен Жыл басы Наурызбен құттықтап, оларға әйел бақыты мен отбасы амандығын және қызметте табыстар тіледі.
Гендерлік саясат туралы сөз қозғамас бұрын «гендер» мен «теңдік» дегеннің аражігін ажыратып алған дұрыс. Батыстан енген «гендер» ұғымы екі жынысты көрсетеді. Ал жыныстың өзі биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді. Міне, гендер дегенде, біз биологиялық емес, әлеуметтік жынысты айтамыз. Мұнда әйел еркектің орнын басқысы келмейді, керісінше өз құқықтарын қорғап, білімі мен біліктілігіне, қабілетіне қарай қоғамның дамуына, экономиканың алға қарыштауына өз үлесін қосқысы келеді. Қызметте де қоғамдық жұмыста да жоғары табысқа жетіп жүрген, от басы ошақ қасындағы міндеті мен тірлігіндегі аналық, келіндік, жұбайлық сындардан да сүрінбей өту нәзік жандар үшін оңай емес. Бір отбасындағы адамдарды тамақтандыру, тазалыққа бас-көз болу, бәрінің көңілін табу сынынан мүдірмей өту төмен етектілердің пешенесіне жазылған. Сондықтан да «әйелдің қырық жаны бар» деп олардың табиғатынан төзімді етіп жаратылғанын айтса керек.


Күн тәртібіне сәйкес аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Р.Құсманов «Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясаттың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасын» жүзеге асыру бойынша 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы қысқаша баяндама жасады. Мемлекетіміздегі отбасылық саясат, оған бөлінетін жәрдемақылар мен ұсы-нылатын қызметтер, түрлі ұйымдастыру, эко-номикалық, құқықтық, ғылыми-ақпараттық т.б. өмір сүру жағдайлары мен сапасын жоғарылату оны қолдаудың кешендік шараларына қысқаша тоқталып өтті. – Жылдың әр тоқсанында бір рет отбасы мәселелерін ортаға салсақ, әлі жыл аяғына дейінгі басқосуларда түрлі тақырыптар төңірегінде ой-пікір бөлісетін боламыз. Мәселен, отбасында аналық міндеттеріне салғырттық жасап, бала-шағасына қарамай, ішімдікке әуестенетін әйелдер, азғындық жолына түскен әкелер, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары т.б., - деді Рахат Жұматұлы.
Жиын барысында Ерлан Қабайұлы: - Жалпы қазақстандық қоғамға қатысты болғандықтан келесі отырыстарда қатысушылар ауқымын арттырып, басқа да қоғамдық ұйымдардан, ардагерлер кеңесінен, учаскелік полиция қызметкерлерінен өкілдер тарту керек. Бала, ұрпақ тәрбиесі әйелдің қолында, ендеше әр ана қоғамда алатын орнын біліп, уақыт талабына сай, өздерін жан-жақты дамытса нұр үстіне нұр. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша жаңа бағдарламадан әйел адамдар тыс қалмау жағын қарастырған дұрыс, - деген ұсынысын жеткізді.
Күн тәртібіндегі келесі сұрақ Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында кәсіпкер әйелдерді қолдау жөніндегі шаралар туралы баяндамашы орынды себептермен келе алмағандықтан, әр сала мамандары ойларын ортаға салды. Олар жеке кәсіпкерлер Б.Мүрсәлімова, С.Кошелева, жұмыспен қамту орталығының басшысы Р.Баймолдина, ОАА басшысының м.а. Ә.Рахымбаева, өлкетану мұражайының қызметкері К.Смаилова өз ұсыныстары және пікірлерімен бөлісті. Айта кетсек, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, отбасындағы кикілжіңдер т.б. мәселелер туындаған кез-келген сәтте әйелдер кеңесінің рөлі үлкен болғандықтан, округтердегі белсенді жұмыс істейтін әйелдер кеңестерінің өткізген шараларын үлгі етіп ортаға салу.
Қазақ ешқашан әйелдерді қоғамнан аластатып, тұмшалап ұстамаған. Мұны өткен тарихымызды мұқият оқып шыққан адам айқын түсінеді. Қазақ әйелінің басты мақсаты – сүйікті қыз, адал жар, аяулы ана, асыл әже атану.
Ендеше, құрметті әйелдер, «Ана» деген ардақты атқа әрдайым лайық болайық дей келе, «Елдің баласы білгенді білмесе, ел анасы болып не керек, аздың білгенін білмесе, басшы болып не керек, ұрғашының білгенін білмесе, еркек болып не керек» деген Бөлтірік шешеннің сөзімен мақаламызды аяқтағымыз келді:

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз