Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауған соғысы... Қаншама боздақтардың өмірін жастай қиған, қаншама ата-анаға ұлын жоқтатқан бұл соғыстың аяқталып, интернационалдық борышын өтеуге барған әскердің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл. Сол соғыста шейіт болғандарды еске алу және бүгінгі ортамызда жүрген атаусыз соғыс ерлерін әспеттеу үшін 15 ақпан күні Көкпекті ауылында салтанатты митинг өтті.
Бұл митингте ең алдымен ауданымыздан Ауған соғысына аман аттанып, туған жердің жер бесігіне оралған жауынгерлеріміз А.Асламов, М.Бейсембаев, Қ.Букетов, Н.Разақов пен Л.Фах-рутдинов бір минут үнсіздікпен еске алынды. Митингке қатысқан мекеме,ұжым басшылары, мектеп оқушылары мен ауғандық жауынгерлерді аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова, Н.Разақовтың туысы Ж.Садуақасов құттықтады. «Кешегі күні жастай қыршын болған жерлестеріміз біздің есімізде мәңгі жас күйінде сақталады. Жер бетінде қаншама атыс-шабыс болып жатыр, бірақ біздің елімізде Елбасының саясатының арқасында ты-ныштық орнаған. Қашанда бірлікте болайық, сонда бізде алауыздыққа орын болмайды», - деді сөз алғандар.


Ауғандық жауынгерлер ескерткішіне гүл дес-телері қойылды. Шамиль Ибраев пен Нұрлан Қайратұлының орындауындағы «Черный тюльпан», «Груз-200» әндері тыңдаған жанның сай-сүйегін сырқыратты. Жауынгерлер сол қиын-қыстау күндерді естеріне алып, бір уақыт тұнжырап қалды.
Салтанатты митинг Мәдениет үйіндегі осы күнге арналған мерекелік бағдарламаға ұласты. Салтанаттың шымылдығын ауғандық жауынгер А.Мұқашев осы соғыс тақырыбына жазылған «Бахрам» әнімен ашты. Кеуделерінде ордендері мен медальдары жарқыраған, кешегі күні жас бозбала шағын ұрыс даласында өткізген, бүгінде жігіт ағасына айналған жауынгерлер өскелең ұрпақ алдында өздерінің ерліктерімен ғана емес, еңбектегі жетістіктерімен де үлгі-өнеге көрсетіп жүр. Олардың кешегі жауынгерлік жолдары өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне арқау болып келеді. Көкпекті орта мектебінде құрылған Л.Фахрутдинов атындағы әскери-патриоттық клубтың жұмысы қай жағынан алып қарасаң да өнеге таратушы болып отыр. Осы клубтың ірге тасын қалауға мұрындық болған, қазір де сол клубтың жұмысын жандандырып отырған осы мектептің директоры А.Танысбаев, клуб жетекшісі Б.Рахимов «Восток» өңірлік қолбасшылығының марапатына ие болды. Аудан әкімінің Алғыс хатымен жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне үлес қосып жүрген Қ.Кенемолдин, Н.Шапатов, Р.Найзабаев марапатталды. Ауданның ауған жауынгерлері кеңесінің ұжымы да осындай марапатқа ие болды.
Қаһармандығымен танылған жауынгерлердің 15 мыңнан астамы бөтен елде қаза болды, 6 мыңнан астамы сол соғыста алған жарадан көз жұмды, ал 311 жауынгер хабарсыз жоғалды-бұл қазіргі күнгі мәлімет. Сандардың астарында қаншама ананың көз жасы, өмір бойы баласына деген сағынышы сарғайып жатыр. Ортамызда аман жүргендерінің алдында біз басымызды иеміз. Олар бүгінгі көрсетілген құрметке де,шырқалған әнге де әбден лайықты. Жат елде қару асынып, сын сағатта бір-біріне демеу болған, бауырласқан ауғандық жауынгерлерге қашанда аман болыңдар, өскелең ұрпақ әрдайым сендердің қаһармандықтарыңнан үлгі алады.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз