Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада Көкпекті ауылын-дағы «Көктем» дүкенінің алдында оқыс оқиға орын ала жаздады. Олай дейтініміз, сол маңдағы хоккей қорапшасынан шыққан Қ.Раев атындағы балалар үйінің 12 жасар тәрбиеленушісі Владимир Елисеев өзі де күтпеген ерлік жасап, кішкентай сәбидің өмірін құтқарып алды. – Бір баласын шанаға салып келе жатқан ананың ересектеу баласы көлік жолына қарай жүгіре жөнелді. Дәл осы мезетте бұрылыстан жеңіл автокөліктің шыға келгенін көрген мен тез қимылдап, баланы көтеріп алдым да жол шетіндегі омбы қарға қарай лақтырып жібердім. Сәбидің шалбары жыртылып кетіпті. Бір сәтке есі шығып кеткен анасы маған алғысын жаудырып, риза болғаны сондай дүкеннен тәттілер сатып әперді. Мен болсам, кішкентай тентекпен танысып та үлгермеппін, әйтеуір еш жері зақымданбай аман-есен қалғанына қуандым, -дейді Вова балаға тән пәк көңілмен.
Вованың әңгімесіне қарап, оның өзі жасаған әрекетті батырлық деп санамайтындығын байқадық. Өйткені, кішіге қамқорлық көрсету, қайырымды болу Вованың күнделікті тәртібіндегі дағдылы жағдай. Иә, ерлік, батырлық жаугершілік пен соғыста ғана сомдалмайды. Адамдардың күнделікті өмірінде орын алып жатқан оқыс оқиғалар кезінде өз басын қатерге тігіп, қатер аузынан кез келген адамның өмірін құтқарып қалу да ерлік, қаһармандық болып табылады. Есеппен жасалмайтын осындай әрекетті батырлық деп айтпасқа шара жоқ.
Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз