Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тұрғындарын мешітінің таңғы азаны және шіркеуінің қоңырауымен оятатын Самар ауылында бірнеше ұлттың өкі-лі тұрады. Бірақ оларға тату-тәтті өмір сүру үшін екі түрлі – мұсылман және православтық-христиандық діни сенімдері ешқандай бөгет емес. Қайта жыл өткен сайын екі діни орталықтың халық арасында беделі артып, олар тек татулық пен жанашырлық, бауырластықты уағыздап келеді.
Өткен сенбі күні Самар ауылдық мәдениет үйінде мектеп және аграрлық-техникалық колледж ұжымына арналған «Дін және қоғам» тақырыбындағы аудандық ақпараттық-насихаттау тобының кездесуі өтті. Бұл кездесу Көкпекті аудандық ішкі саясат бөлімінің дін саласы бойынша ақпараттық-насихаттау тобының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.
Бұл жиынға Ж.Болғанбаев атындағы, №1 Самар орта мектебі және Аграрлық-техникалық колледждің педагогикалық ұжымы қатысты. Жиналғандар алдында Қоғамдық келісім орталығының директоры Е.Сихварт, Самар ауылдық мешітінің имамы Бекболат Кәлебай, православтық-христиандық шіркеудің діни қызметкері Н.Темербаев және Миролюбовка орта мектебінің дінтану пәні мұғалімі Б.Дәрібаева дәріс оқыды.


Елена Павловна Сихварт «Конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде біздің еліміздегі ұлтаралық, дінаралық татулықтың шырқы бұзылмауы туралы, оған тек өзара сыйласымдық арқылы жетіп отырғанымызды, біздің еліміздегі Ассамблеяның тек Қазақстан жерінде ғана емес, бүкіл әлемге татулық ұрығын сеуіп отырғанын атап өтті.
Бұл заманда елімізде діннің қаншама түрі және солардан тундайтын ағымдар насихатталады. Бірақ біздің елімізде Ислам дінінің ақида жолы ұсталынады, дегенмен жат ағымдар бізде де орын алып отырғаны жасырын емес. Самар орталық мешітінің имамы Бекболат Кәлебай «Ислам діні және псевдоисламдық көріністері бар жат ағымдардың қоғамға тигізер кері әсері» деген тақырыпта әңгіме өрбітіп, ислам діні құлшылық, шариғат, көркеммінезділікті жақтайтынын айтты. «Балалардың жат ағымға ілесіп кетпеуі үшін ең алдымен біз үлкендер, әсіресе мұғалімдер мен тәрбиешілер жауапты боламыз, біз өзіміз діни сауатымызды көтере алуымыз керек. Қазіргі күні ҚМДБ мақұлдаған кітаптар баршылық, соларды оқып, балаларға үйрету керек», - деді имам.
Өз кезегінде сөз алған Самар ауылындағы Свято-Покров шіркеуінің протиерейі Николай әкей «Православное христианство и псевдорелигиозные течения, и их влияние на общество» тақырыбын кеңінен таратып айтты. Николай әкей «секта» сөзінің шығу тарихын айта отырып, сеталардың адамды алдап-арбаудың қаншама түрін меңгеріп отырғанын, оларды шет елден қаржыландыратынын айтты. Секталарға іліккен адамға алдымен қаржылай көмек береді де, кейін өмір бойғы құлдыққа кіргізіп қояды. «Секталардың басты міндеті – бейбіт елде іріткі салу болып табылады, сондықтан да олардың арбауына түсіп қалмауды ойлау керек. Ол үшін дін қызметкерлерімен, білімді теологтармен ақылдасу қажет», - деді Н.Темербаев.
Біздің елімізде орта мектептерде дінтану сабақтары енгізілгелі көп бола қойған жоқ. Ол пәннен сабақ беретін арнайы мамандар болмағандықтан, дәрісті тарихшы мұғалімдер жүргізіп келеді. Миролюбовка орта мектебінің мұғалімі Ботагөз Қауысқанқызы Дәрібаева жасаған баяндама: «Білім беру саласында дінтану негіздерін қазіргі жағдайда оқытудың кейбір мәселелері және оны тиімді шешу жолдары» деп аталды. Мұғалім өзіне де тың тақырып болған бұл пәнді оқытудың қиындықтары, олардан дұрыс жол тауып, шәкірттерге дұрыс бағыт-бағдар беру үшін көп іздену қажет екенін айтты. Сонымен бірге хиджап кию де біраз әңгіме болды. Ол біздің дәстүрімізде жоқ және біздің Білім Министрлігі тек мектеп формасын киюге ғана рұқсат беретін ереже шығарған.
Сөз соңын қорытындылаған осы жиынды жүргізіп отырған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев жиынның маңыздылығын атай отырып, жиналған қауым алдында біздің елімізде тыйым салынған жат ағымдық ұйымдардың тізімін де оқи кетті. Олардың барлығы да әр жылдары Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен жабылып, тыйым салынған болатын. Олар: "Аль-Каида", құрылған жері – Ауғанстан, "Исламское движение Восточного Туркестана" халықаралық ұйымы, "Исламское движение Узбекистана" халықаралық ұйымы, "Курдский Народный конгресс" ("Конгра-Гел"), "Асбат аль-Ансар" террорлық ұйымы (Сайда қаласы, Ливан), «Братья мусульмане"-«Мұсылман бауырлар» трансұлттық саяси-діни ұйым, 1928 жылы Египетте құрылған. "Талибан" қозғалысы ультраконсервативтік исламдық қозғалыс. "Боз гурд" -"Сұр қасқырлар" атауымен де белгілі, түріктік әскерилендірілген ұйымы. "Жамаат» орталық Азия моджахедтері" халықаралық лаңкестік ұйымы, "Аль-Каидаға" қосылған. "Лашкар-е-Тайба" Пәкістанның әскериленген лаңкестік ұйымы. "Общество социальных реформ" – «Әлеуметтік реформалар қоғамы» лаңкестік ұйымы қайырымдылықты жүзеге асыруды бетперде етіп пайдаланады, басқаша атауы: "Джамият аль-Ислях аль-Иджтимаи". "АУМ Синрикё" ("АЛЕФ") – аса қауіпті тоталитарлық экстремистік культ, қоғамға қарсы ұйым,"Организация освобождения Восточного Туркестана" лаңкестік ұйым, Шығыс Түркістанда аса қауіпті ықпал етеді, басқа атауы "Народная партия Восточного Туркестана", "ШАТ". "Исламская партия Туркестана"-"Жамагат Туркестана" и "Туркестанский жамагат" атауларымен де белгілі халықаралық лаңкестік ұйым. "Хизб-ут тахрир - аль-ислами" діни-саяси экстремистік ұйым «Мұсылман бауырлар» ұйымының бір тармағы болып саналады. "Таблиги Джамаат" деструктивтік діни ұйым. «Ат-такфир уаль-хиджра» экстремистік ұйым. «Исламское государство» (ДАИШ) – лаңкестік ұйым.
Міне, осыларды атай отырып, Бек Назарбекұлы біздің бүгінгі міндетіміз өскелең ұрпақты жат ағымдардан қорғау екенін атап өтті. Бұлардан басқа «Ата жолы», «Ақжол» деген аруақтар басына зиярат ететіндер бар. Олардың да көздегендері көленең табыс табу, олар аруаққа сенеді, ал біз Аллаға сенеміз. «Біз ата салтымызды, дәстүрімізді құрметтейміз, сондықтан да еліміздегі халықтардың салт-дәстүрлерін сақтай отырып, біз бейбіт өмір сүреміз», - деді Б.Нұғыбаев. Жиын барысында «адасқандар» өмірінен фильм көрсетілді, жиналған зиялы қауым өкілдері өзара пікір алмасты.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз