Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округінде судың көп мөлшерде ағу салдарынан Кленжыра участогінде жолдың бір бөлігін су ша-йып кеткен. Аудан аралығымен қатынасатын жолды қайтадан қалыпқа келтіруге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылымыздың шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлері соның ішінде Ибрагимов Жанат СПК «Ағайынды» ШҚ, Тлебалдин Қанат «Дарын» ШҚ басшысы, Азимбаев Болатқан «Самық» ШҚ, Мұқанов Қайрат «Бекзат» ШҚ, Абикенов Құдайберген «Раушан» ШҚ, Маутбеков Архат «Табыс» ШҚ басшылары төтенше жағдайдың алдын алу бойынша келісілген келісімшарт талаптарын орындауда белсенділік танытып, көмек қолдарын созды. Осы жұмысқа мектеп ұстаздары, ауыл тұрғындары да келіп өздерінің көмектерін көрсетті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бір күнде өткел жол жасалып, жол азабы жеңілдеді.

Мағжан Жадрин,
жетекші маман

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз