Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Наурыз – шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы, күн мен түн теңеліп, қыс ызғары кетіп, көктем келеді. Қазақ елі Ұлыс күнін әрқашан қасиетті, киелі санаған.
Осы наурыз мерекесіне орай Жаңа жол бастауыш шағын комплектілі мектебінде «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты ертеңгілік өтті. Бұл мерекеге барлық бала атсалысты. Кез келген той шашу шашудан басталады ғой. Ертеңгілігімізге әже келіп, ақ тілегін айтып, шашуын шашып, мерекелік концерт басталды. Камила Майтжанова, Томирис Низамиева, Даяна Құрманғалиева, Гүлім Солтанғазина, Жансая Тоқтавбаева «Қыз Жібек» биін шебер орындап, көрерменді тамсандырды. Ал ұлдар тобы Рамазан Ринатоллаев, Сабыржан Алибеков, Саян Тоқтавбаев, Бекжан Әлібеков орындаған «Бозжорға» биі келген қонақтар қошеметіне ие болды. Біздің мектептің оқушылары сегіз қырлы, бір сырлы.
Ең соңында ақ түйені жетектеп Қыдыр ата мен Наурыз гүл келіп тілектерін айтып, Қыдыр ата батасын берді. Бұл мереке біз үшін есте қаларлықтай қызықты өтті.

Камила Майтжанова,
4 сынып оқушысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз