Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Күн жылынғаннан бастап, Көкпекті ауданы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындағы жұмыстар қолға алынды. Қазір облыстағы барлық аудандар осы бағыттағы шаруаларға айрықша назар аударуда. Жыл сайын көктемгі су тасқынына қарсы шаралар уақытында қолға алынады. Биыл да ауданда арнайы штаб құрылып, су алып кету қаупі бар аймақтарға баса назар аударылып отыр. Округтер бойынша төтенше жағдайдың алдын-алу жұмыстары төмендегідей.

КӨКПЕКТІ. Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін 250 қапқа құм толтырылды. Ауылдық округ әкімімен көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту және өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге қосымша техника тарту үшін, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар, ауыл шаруашылық құрылымдар, кәсіпорындар және ұйымдармен 25 келісімшарт жасалды. Көкпекті ауылының су жинағыш тоғаны транзиттік жағдайда жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні округте ауа райы бірқалыпты.


САМАР. Ауылдық округ бойынша каналдарды, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту және өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге қосымша техника тарту үшін, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар, ауыл шаруашылық құрылымдар, кәсіпорындар және ұйымдармен 16 келісімшарт жасалынған. Самар ауылдық округіне қарасты 2 гидротехникалық құрылғы бар: Лайлы және Ешкібай су қоймасы. Қазіргі уақытқа барлық сыйымдылығы 730 мың куб болатын «Лайлы» су қоймасында 250 мың куб су бар, мұздың қалыңдығы 35 см. «Лайлы» су қоймасынан «Лайлы» өзеніне 1,5 куб/с су жіберіліп отыр. Қазіргі сыйымдылығы 9 млн. куб болатын «Ешкібай» су қоймасында 3,0 млн. куб су бар, мұздың қалыңдығы 30 см.
МАРИНОГОРКА. Округке қарасты үш ауылдағы автомобиль жолдарындағы суағарлар, өзендер мен көпірлердің арналары тазартылған. Өзендерді, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізуге шаруа қожалықтарымен 14 келісімшарт жасалды. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі күні округте ешқандай қауіп жоқ, бірқалыпты.
БЕЛОЕ. 50 қап құм дайындалды. Ауылдық округ әкімімен көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту және өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге қосымша техника тарту үшін, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтар арасында 5 келісімшарт жасалды. Округке қарасты 1 гидротехникалық құрылғы бар: «Бектемір» суқоймасы. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. «Бектемір» суқоймасы транзиттік жағдайда жұмыс істеп тұр.
БАСТАУШЫ.Құм толтырылған 30 қап бар. Өзендерді, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізуге шаруа қожалықтарымен 12 келісімшарт жасалды. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі күні округте ешқандай қауіп жоқ, жағдай тұрақты.
ҚҰЛЫНЖОН. 20 қап құм қапталды. Өзендерді, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізуге жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарымен 12 келісімшарт жасалды. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
ҮЛКЕНБӨКЕН. 20 қап құм даяр. Ауылдағы автомобиль жолдарындағы суағарларды, өзендер мен көпірлердің арналары тазартылып, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарымен 6 келісімшарт жасалды. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі күні округте ешқандай қауіп жоқ, қалыпты жағдайда.
БИҒАШ. 100 қап құм даярланды. Өзендерді, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізуге шаруа қожалықтарымен 4 келісімшарт жасалды. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі күні округте ешқандай қауіп жоқ, қалыпты жағдайда тыныш.
ПРЕОБРАЖЕНКА. 150 қап құм дайындалды. Шаруа қожалықтарымен 8 келісімшарт жасалып, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізуге. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі күні округте ешқандай қауіп жоқ, жағдай тұрақты.
ҮЛГІЛІМАЛШЫ. Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін 20 қап құм дайындалды. Ауылдағы автомобиль жолдарындағы суағарлар, өзендер мен көпірлердің арналары тазартылып, ШҚ 11 келісім шарт жасалды. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі күні округте ешқандай қауіп жоқ, бірқалыпты.
КӨКЖАЙЫҚ. 40 қап құм қапталды. Өзендерді, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізуге шаруа қожалықтарымен 15 келісімшарт жасалды. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі күні округте ешқандай қауіп жоқ, тұрақты жағдайда.
ТЕРЕКТІ. 30 қап құм қапталды. Ауылдағы автомобиль жолдарындағы суағарлар өзендер мен көпірлердің арналары тазартылған. Өзендерді, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізуге шаруа қожалықтарымен 10 келісімшарт жасалды. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі күні округте ешқандай қауіп жоқ, тұрақты жағдайда.
МИРОЛЮБОВКА. 20 қап құм қапталды. Ауылдағы автомобиль жолдарындағы суа-ғарлар, өзендер мен көпірлердің арналары тазартылған. Өзендерді, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізуге жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарымен 5 келісімшарт жасалды. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі күні округте ешқандай қауіп жоқ, қалыпты жағдайда.
ШҰҒЫЛБАЙ. 20 қап құм қапталды. Ауылдағы автомобиль жолдарындағы суағарлар, өзендер мен көпірлердің арналары тазартылған. Өзендерді, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізуге жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарымен 5 келісімшарт жасалды. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі күні округте ешқандай қауіп жоқ, қалыпты жағдайда.
САРЫБЕЛ. 20 қап құм қапталды. Ауылдағы автомобиль жолдарындағы суағарлар, өзендер мен көпірлердің арналары тазартылған. Өзендерді, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізуге жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарымен 3 келісімшарт жасалды. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бүгінгі күні округте ешқандай қауіп жоқ, қалыпты жағдайда.
ПАЛАТЦЫ. 40 қап құм қапталды. Өзендерді, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізуге жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарымен 4 келісімшарт жасалды. Әкімшілікте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Округте ешқандай қауіп жоқ, қалыпты жағдайда.
Көкпекті ауданы бойынша Төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Қ.Әңкебаевтың берген ақпаратына сүйенсек, барлық округ су тасқынына сақадай сай екені тайға таңба басқандай анық айтылған. Ылайым, солай болғай!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз