Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Субсидиялау - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілетін мемлекеттік қолдау нысандарының бірі. Алайда, Үкіметтен қаржылық қолдауды жаңа бастама білдіруге талпынатын, заманауи технологияларды енгізіп, өндірісті ұлғайтатындар ғана ала алады. Елімізде биылдан бастап берілетін субсидиялаудың жаңа жүйесі туралы бізге ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Талғат Уйданов айтып берді.
- Мал шаруашылығы саласында субсидиялау жүйесіндегі өзгерістер қандай?
- Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2017 жылы АӨК дамыту үшін мал шаруашылығына республикалық бюджеттен субсидиялауға 107 млрд. теңге қарастырылуда. Бұл, ең алдымен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында асыл тұқымды малдарды сатып алу болса, екінші блокта сатылған өнімдерді субсидиялау. Енді осы санатқа ауыл шаруашылық кооперативтерінің кіруін ескере отырып, мемлекеттік қолдаудың көлемі ұлғайтылады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы бағдарламасының бағыты бойынша мал тұқымдарын асылдандыру жүзеге асады. Үшінші блок – өңдеуші кәсіпорындарды қолдау. Соңғы 4 жылда фермерлер жыл сайын әрбір аналық мал басына 18 мың теңге мөлшерінде субсидия алып отырды. Бұл субсидиялар сақталады, бірақ өлшемдерінде өзгерістер бар. Мұның соңғы нәтижесі алынған төлге байланысты болады. Қанша төл алынды, осыған сәйкес субсидиялар төленеді. Жылқы, түйе, ара шаруашылығы бойынша қолданыстағы қолдау шаралары сақталады және еш өзгерістер болмайды.


- Субсидиялаудың жаңа қағидаларына сәйкес тұқым шаруашылығын дамыту қалай субсидияланады?
- Субсидия төлеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тізіліміндегі пайдалануға ұсынылатын сұрыптауға немесе будандастыруға селекциялық жетістіктерді енгізу немесе енгізбеуіне байланысты жүзеге асырылады. 11-қосымшадағы көрсетілген ережеге сәйкес, бұл ретте, субсидиялар элиталық тұқымдар мен жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көшеттеріне бөлінетін субсидия нормативінен аспауы керек. Субсидия нормативтері төмендегідей белгіленді: 1) Мемлекеттік тізілімге енгізілген тұқымдардың және элиталық көшеттердің сұрыптары үшін, толық құнның 70%; 2) Мемлекеттік тізілімге енгізілмеген тұқымдар және элиталық көшеттер сұрыптары үшін толық құнның 30%.
- Субсидиялар алу алгоритмі өзгерді ме?
- Субсидия алу алгоритмі бұрынғыша. Өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін бөлім үш жұмыс күні ішінде осы қағидалардың 8-10- тармақтарында көрсетілгендей тексереді және құжаттардың толықтығына көз жеткізеді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауылшаруашылық кооперативтері ұсынған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда бес жұмыс күні ішінде өтінім мен құжаттар кері қайтарылады.
- Сумен суару жүйесі қалай субсидияланады? Осы бағытта есеп айырысу төлемдері қалай жүзеге асырылады?
- Алынған судың субсидия нормативі 1 (бір) м3 (текше метр) үшін субсидияланатын тарифтің 50%-ын құрайды. Субсидия мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғауға арналған аумақтық басқармасы жөніндегі Комитетінің тарифімен бекітілген мөлшерлеме арасындағы айырмашылық субсидияландыруды анықтау үшін, су беру қызметінің бағасы ескере келе (текше метріне 0, 20 теңге) ең төменгі мөлшерінде қабылданады.
-Тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдану үшін аграршыларға субсидиялар қалай төленеді?
- Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне немесе кооперативтерге сатушыдан тыңайтқыштарды сатып алуға кеткен шығындарын өтеу үшін ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 тоқсанына субсидиялар төленеді. Бұл жерде ауылшарушылық тауарын өндірушілер немесе кооперативтердің (өтінімде көрсетілген егін егілетін аумаққа енгізілетін тыңайтқыштың ғылыми негізделген нормасын есепке ала отырып) облыс, қала, ауданның жергілікті атқарушы органдары бекіткен тыңайтқыштары және субсидия нормаларын ескеріп бөлінеді.
Тыңайтқыштың бағасына қосымша құнға салынған салық, қаптаманың құны, таңбасы, республиканың сәйкес аумағына дейінгі көлік тасымалының құны есептеледі.
Ал, ауылшаруашылық дақылдарын қорғау мақсатындағы өңдеуге қажетті гербицидтер мен биоагенттерге, био құралдарға келетін болсақ, бұл жерде субсидиялаудың белгілі бір шарттары бар.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз