Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көктем шуағы еніп, жер сызы кетісімен, дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталады. Бұл - күзде орғанын кәдеге жаратқан егіншілердің тағы да қарбаласқа түсетін, қайнаған қызу еңбектің қызатын шағы. Егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға бағыт ұсталады.
Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйіндегі аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Қалдыбаевтың төрағалық еткен жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе көктемгі дала жұмыстары болды.


Жиынға ШҚО мемлекеттік инспекциясының өсімдік бөлімін қорғау жөнінде аумақтық инспекцияның ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі комитеттің бөлім басшысы Ахан Еркінбекұлы Орымханов, ШҚО ауыл шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және егіншілік, тұқым және астық инспекция басқармасы бөлімінің басшысы Әділет Төлеуханұлы Төлеутаев ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, шағын және орта шаруақожалық басшылары, ауыл шаруашылығы саласының және ветеринария саласының басшылары мен мамандары қатысты.
Ауылшаруашылығындағы жерді пайдалану жағдайы бойынша және игерілмей жатқан жер телімдерін қайтару тәртібі туралы аудандық жер қатынастары басқармасының басшысы Жұмабек Бахтинов баяндама жасады. Жиында аудан көлеміндегі көктемгі дала жұмыстарына дайындықтың барысы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас аграномы Ж.Көпесовтың баяндамасы тыңдалды. Қаралған мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, толықтырып отырған Ерлан Қабайұлы жиынды қорытындыламас бұрын, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берілді.
Сондай-ақ, аудан әкімінің міндетін атқарушы өз тарапынан күн тәртібінде көтерілген мәселелерге байланысты кейбір мекеме басшыларына, келген қонақтарға сауал тастап, жұмыстың барысына ден қойды. Алдағы міндеттердің орындалуы маңызды екенін берік нықтаған Е.Қалдыбаев шешімін таппай тұрған сұрақтар мен олардың орындалуына қажетті тапсырмаларға тоқталды.
Әрине, биылғы науқандық дала жұмыстарын өз дәрежесінде өткізуге ауданның барлық мүмкіндіктері бар деп есептеген Ерлан Қалдыбаев, тиісті мекемелердің көктемгі дала жұмыстарын өткізу кезінде туындайтын сұрақтарды жедел шешіп отыруды баса айта келіп, алдағы уақытта шешімін табу керектігін қадап айтты. Жиында агроөнеркәсіптік кешеннің жағдайы мен көктемгі дала жұмыстарына дайындықтың барысы туралы ғана емес, несие, субсидия, ұсақ немесе қосалқы шаруашылықтар жағдайы сөз болды. Жиын мазмұнды мәнімен күн тәртібінде көтерілген мәселелерді жан-жақты қамтыған кеңестің бірі болды.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз