Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған жергілікті полиция қызметі біздің ауданда қалай жұмыс жасауда? Негізгі міндеті - жол қозғалысы қауіпсіздігін және қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етудегі жетістіктері қандай? Осы және басқа да сұрақтармен Көкпекті аудан-дық жергілікті полиция басшысы Ферхат Мавлютовтың әкімшілік отырысындағы баяндамасынан таныстық.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қалдыбаевтың төрағалығымен өткен әкімшілік отырысында жан-жақты талқыланған бұл мәселе алаңдатуышылық тудырып отыр. Себебі, ағымдағы жыл басынан бері аудан аумағында тіркелген қылмыстық құқықбұзушылық саны артқан. Жергілікті полиция қызметкерлері қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу мақ-сатында 709 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, 3 756 329,5 теңге көлемінде айыппұл салынған. Түрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 30 азамат әкімшілік қамауға алынған.


Ағымдағы жылдың 3 айында аудан көлемінде 79 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде Тассай ауылдық округіндегі мал ұрлығы мен Үлкенбөкен ауылдық округіндегі ұрлық ашылмай отыр. Жергілікті полиция басшысы қылмыстық құқықбұзу-шылық санының артуына негізгі себеп жұмыссыздық деп біледі екен.
Ең көп қылмыстық құқықбұзушылық Самар ауылдық округінде тіркелгені учаскелік полиция инспекторлары мен ауылдық округ әкімшілігінің қылмыстың алдын алу және болдырмау бағытындағы жұмысының әлсіздігін көрсетеді. Десек те, Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Күдербаев бұл дерекпен келіспейді. Ауылдық округ әкімінің мәлімдемесі бойынша Самар ауылы тұрғындарының қалыптасқан менталитеті бас-ты себеп болып тұр бұл жерде. - Самарлықтар кез келген қылмыстық құқықбұзушылық жағдайы орын алса, оны жергілікті полицияға хабарлай қоюға әзір тұрады. Біздің тұрғындар сондай. Басқа ауылдарда ондай жоқ, - деп сойып салды Ахмет Фазылұлы. Әкімнің асығыста айтылған бұл сөзі «сыныққа сылтау табылады» дегеннің кебін кигендігі болмаса игі.
Сонымен бірге, соңғы кезде қыл-мыстың алдын алу және болдырмау бағытында жұмысты жандандырған Үлкенбөкен ауылдық округін атап өткен абзал. Учаскелік полиция инспекторы мен жәргілікті әкімшіліктің бірлескен жұмысының арқасында аудандағы ең көп қылмыс жасалатын округтердің бірі болып келген Үлкенбөкендегі жағдайды түзеу мүмкін болды.
Баяндамасын қорытындылай келе подполковник Ф.Мавлютов аудандағы атқарушы билік органдарының барлық саласын қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алуда бірлесе қызмет етуге шақырды.
Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған жергілікті полиция қызметіндегі айқын ерекшелік - ол халыққа есеп беру мен қызметтің ашықтығы. Жергiлiктi полиция қанатын қең жайып келедi. Өйткенi, елiмiздiң тыныштығын көздiң қарашығындай сақтау, қоғам мүшелерiнiң құқығын қорғау, оларға қорған болу абыройлы мiндет саналады. Заман талабына сай құрылған құрылым сол талаптың үдесінен шықса демекпіз.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз