ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жер кодексінде мораторий жарияланған баптар бо-йынша негізделген нақты шешімдер қабылдау үшін ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуы туралы дәйекті мәліметтерді толықтыру, оларға егжей-тегжейлі түгендеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін ескере отырып, Комиссиямен қолданыстағы мораторийдің мерзімін 5 жылға, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы ұсыныс берілді. Аталған ұсыныстар Мемлекет Басшысының Жарлығымен мақұлданды.


Жер байлықтың анасы болса, әкесі - еңбек. Осы қағиданы ұстанған жер пайдаланушылар жер туралы кодекс уақытылы шықты деп отыр. Диқандар үшін жерді сатып алуға мүмкіндік туғаны жақсы болды. Әсірісе, 50 пайыздық құнын төлеп алу бұл шаруаларға тиімді болмақ. Шыныменде, жер кімнің меншігінде болса, сол оған көзінің қарашығындай қарап, тыңайтқыштар сеуіп, оған жақсы қарай бастайды. Өйткені ол өзіне тиесілі. Ертең жерді жалға алу уақыты біткен соң, оның мерзімін ұзартамын ба, жоқ па деген сауалдар да туындамайтын болады. Жер реформасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж. Бахтиновпен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметімен құрылған жер реформасы бойынша комиссияда қаралды және талқыланды. Жер реформасы бойынша Комиссияның жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі дайындалған ұсыныстарын заңнамалық реттеу мақсатында, Жер кодексіне келесі нормалар қарастырылған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады:
1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;
2. Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шектеу (ең жоғары) мөлшерін белгілеу;
3. Шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату;
4. Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, елді мекендер маңындағы жайылымдардың алаңдарын анықтау.
- Ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алуда қазақ-стандықтар үшін қандай жаңалықтар енгізілді?
- Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудің бөлек тәртібін белгілеу қарастырылады. Конкурсқа жариялылықты және барлық потенциалды қатысушыларға бірдей қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ, әкімдіктердің ресми интернет-ресурстерінде жариялау қарастырылады.
- Конкурстық комиссияның құрамына кімдер кіреді?
- Конкурстың жеңімпазын анықтайтын конкурстық комиссияның құрамына қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдері қатысады, олар комиссия мүшелерінің жалпы санының 50 % астамын құрайды.
- Қандай шаралар жер қорларын ұтымды пайдалану үшін жоспарлануда ?
- Берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында, заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарас-тырылды: жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын, келесі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жылда, тәлімді жерде – әр 5 жылда. Ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен мөлшерін «бір қолға» беруге жол бермеу мақсатында, заң жобасымен қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерін алқаптар бойынша республика, облыс және әкімшілік аудандар (қалалар) шегінде белгілеу қарастырылады.
Бұдан басқа, Заң жобасымен Мемлекеттік шекараның шекара белдеуінде және аймағында ауыл шаруашылығы жерлерін беру талаптарын күшейту қарастырылған, онда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жерді иеленуге шектеу қойылады.
- Мал жаю үшін жайылымдық алқаптардың жетіспеу мәселесі қалай шешілуде?
- Ауыл тұрғындарының малын жаю үшін жайылымдық алқаптардың жетіспеу проблемасын шешу үшін заң жобасымен елдімекендер маңында тұрғындардың жеке малдарын ұстау бо-йынша мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың көлемдері анықталатын болады. Бұдан басқа, заң жобасымен жер комиссиясының статусын анықтау, жер учаскесінің бөлінуі, елдімекен жерлеріндегі жер учаскелерінің нысаналы мақсатын ауыстыру және т.б. мәселелерді қамтитын Жер кодексінің нормаларын жетілдіру қарастырылады.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз