ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңың 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1.Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                                      К.Садыков

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                                                   Р. Беспаев

Көкпекті аудандық мәслихатының

2016 жылғы __________

№____ шешімімен бекітілді

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

  1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткізу туралы өтініш Көкпекті ауданының жергілікті атқарушы органына беріледі.
  2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.
  3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша түрде берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, түрі, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталу және аяқталу уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Көкпекті ауданының жергiлiктi атқарушы органында тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
  4. Көкпекті ауданының жергiлiктi атқарушы органы өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды. 
  5. Осы қосымшадағы тәртіптің 3 тармағының талаптары сақтамаған жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткізу туралы Көкпекті ауданының жергiлiктi атқарушы органына өтініш берген кезде жіберліген бұзушылықтарды жаңа өтініш беру арқылы жою туралы ұсынысымен ресми жауап береді. Жаңа өтінішті қарастыру мерзімі оның түскен уақытынан бастап есептеледі.
  6. Көкпекті ауданының жергiлiктi атқарушы органы қажет болған жағдайда, басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерiн ұсынады.

       7. Көкпекті ауданының жергілікті атқарушы органына жиналыстар, митингілер, шерулер немесе демонстрациялар өткізу үшін шет көшелерді, елді мекеннің шетін ұсынбауды, жиналыстар, митингілер, шерулер немесе демонстрациялар өткізу үшін елді мекеннің ішінде орналасқан қолайлы жерлерді анықтау және көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасамайтын, инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiрмейтін орындарды анықтау ұсынылады.   

8. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.  

       9.Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз етеді.  

10.Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:  
1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;  
       3) Көкпекті ауданының жергiлiктi атқарушы органының келісімінсіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыс нысандарын орнатуға;  

4) шараларды өткiзу барысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;  
      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
      6) өзiмен бiрге суық қару, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтіретін, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық шығын келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;  
     7) іс-шараға алкоголь және есірткі қабылдаған жағдайда қатысуға жол берілмейді.
         11. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу орындарында алкогольды ішімдіктерді ішу, есірткі және психотроптық немесе оларға ұқсас заттарды қабылдауға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақыратын транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ осы мағынада жария сөз сөйлеулерге жол берілмейді.

12. Пикеттер өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткізілуі қажет.

13.Пикетке шығу кезінде төмендегілерге рұқсат беріледі:

1)      пикетке шығу объектісінің жанында тұруға, отыруға;

2)      көрнекті насихат құралдарын пайдалануға;

3)      пикеттің тақырыбына сәйкес қысқа ұрандарды жар салуға рұқсат беріледі.

  1. Пикеттерді және демонстрацияларды, митингтерді, шерулерді, жиналыстарды басқа нысанда қайта форматтау үшін Көкпекті ауданының атқарушы органынан белгіленген тәртіпте рұқсат алу талап етіледі.
  2. Көкпекті ауданының атқарушы органы митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрация өткізу бойынша рұқсат бермеген жағдайда немесе тыйым салу туралы шешім қабылданған кезде өкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындалған іс-шараларды болдырмау жөнінде кідірмей шара қабылдауға және бұл жөнінде барлық әлеуетті қатысушыларға хабарлауға міндетті.
  3. Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
  4. Егер: жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу туралы өтініш өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу тәртiбі бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда Көкпекті ауданының жергiлiктi атқарушы органы өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс. 
  5. Көкпекті ауданының жергiлiктi атқарушы органы өкiлiнiң заңнамалық талабын орындаудан бас тартқан жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайды.
  6.  жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу туралы тәртіпті бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу кезінде азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке тигізген материалдық шығындар оған қатысушылармен белгіленген заң негізінде өтеуге жатады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз