ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданның қаржы-экономикалық саласында салық өндіру қашанда маңызды жұмыс болып келген. Аудан бюджеті алуан түрлі салық түсімдерінен құралатыны белгілі. Бүгінгі күні Көкпекті аудандық салық басқармасы Елбасының берілген тапсырмасы бойынша өткен реформаға сәйкес 2014 жылдың 14 тамызында № 933 жарлығымен Мемлекеттік кірістер басқармасы салық және кеден қызметімен ҚР Үкіметінің жарлығына сәйкес қосылған болатын. Қаржы Министрлігінің бір бөлік өкілеттілігі Мемлекеттік кірістер басқармасына қосылып және де Қаржы полициясының ескерту, іздеу, аудару, экономикалық және қаржылық қыл-мыстарды ашу, тергеу, тексеру жұмыстары да берілді. Енді бұл мекеме - Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы деп аталады. Мекеменің басшысы Омаров Қуаныш Рүстембекұлымен сұхбатта бүгінгі өзгерістер жағдайындағы жұмыс барысы жа-йында сөз болады.
- Қуаныш Рүстембекұлы, мекеменің атауы өзгергеніне қарай, қызмет ауқымы да кеңей-гендей, сол туралы айтып өтсеңіз.
- Мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысы отандық кәсіпкерліктің жұмысын жеңілдетуге арналған. Атап айтсақ, арнайы салық режимі бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтарға 70 пайыз жеңілдіктер, салық кодексінің 448-бабында көрсе-тілгендей, қосылған құн салығының төлеушісі болып электрондық шот фактуралар жаза алады, жеке кәсіпкер болып тіркелу үшін алынатын біржолғы алым алынып тасталды, алкогольдік тауарларды сату үшін лицензиялық алымның мер-зімі ұзартылды (1 шілдеге дейін).


ҚР Үкіметінің 2015 жылға 30 желтоқсан айын-дағы № 1129 Жарлығы негізінде бақылау - кассалық фискалдық машинасын орман ағаштарын бөлшек-теп сататын мекемелер, құрылыс заттарын және кәріз заттарын, темір бөлшектерін, су және жылту құбырларын, компьтерлік бұйымдарды бөлшектеп сатушылар, бейнебақылау, электрлік және тұр-мыстық, жиһаз заттарын, жарық беру заттарын және басқа да тұрмыстық заттарды, қонақ үй, азық-түлік жеткізу қызметі, мейрамханалар, тапсырыс кинофильмдері, шаштараз және сән салондары қызметі түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер алу міндеттелді.
- Аудандық мемлекеттік кірістер комитетінің өткен жылды қалай қорытындылағаны туралы не дер едіңіз?
- Берілген тапсырмалар мен жиналған салық-тар және де салықтық қызмет көрсету бойынша жоғары деңгейде. Барлық өкілеттік және жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыстың арқа-сында, 2015 жылға болжанған 478,1 млн. теңге жоспарға қарсы аудан бюджетіне 490,1 млн. теңге жиналды немесе жоспар 102,4 пайыз-ға орындалды.
2015 жылы Мемлекеттік бюджетке 903,5 млн. теңге түсім түсірілді, болжам бойынша 840,1 млн. теңге немесе 107,5 пайыз. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 59,8 млн. теңге бюджетке артық түсірілді. Аталған түсімдер қосымша қаржы және іс-шаралардың жүргізілуі негізінде түсті. Облыс әкімінің орынбасарының резервтік қосымша қаржы іздестіру бойынша тапсырмасы нәтижесінде жергілікті бюджетке 40,1 млн. теңге, оның ішінде табыс салығы 0,4 млн. теңге, әлеуметтік салық 0,3 млн. теңге (еңбек ақының өсуі, жалдамалы жұмысшылардың көбеюіне байланысты), қөлік салығы бойынша 7,5 млн. теңге жер телімдерін сату бойынша 19,0 млн. теңге, басқа да салықтық емес түсімдер 12,7 млн. теңге бюджетке қосымш а қаржы түсті.
Бұдан да басқа 2015 жылда камералдық тексеру негізінде 298 төлем хабарламасы қойылып, 437 уақтылы салық есептілігін тапсырмағаны үшін және де 290 салық заңдылықтарын бұзғаны үшін төлем ескертулері берілді. 2015 жылдың 12 айында салық және басқа да төлемдер бойынша дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуі бойынша Көкпекті ауданы бойынша МКБ 105 салықтық тексерулер жүргізілді, оның ішінде 1 тематикалық, 13 қарсы тексеру, 37 басқа да сұрақтар бо-йынша, 4 хронометраждық бақылау жасалып, нәтижесінде 1,2 млн. теңге сомасында айыппұл есептелініп, толықтай бюджетке түсті. Қойылған ескерту - хабарламалар, салықтық тексеру бойынша Мемлекеттік бюджетке 52,9 млн. теңге қосымша қаржы түсті.
- Жаңадан енгізілген өзгерістер бойынша салық төлеушілер арасында қандай жұмыс-тар жүргізілді? Мамандармен толық қам-тылғансыздар ма?
- 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Са-лық кодекстеріндегі өзгерістер, жарияланған жаңа заңдар мен толықтырулар бойынша Мем-лекеттік Кірістер Басқармасының ұжымы са-лық төлеушілермен 3 семинар – кеңес өткізді. Аталған семинарға заңды тұлғалармен жеке кәсіпкерлерден 202 салық төлеуші қатысып, мәлімет алды. Сонымен бірге, аудандық баспасөз бетінде қазақ және орыс тілінде салық төлеу мәселелері бойынша мақалалар жарияланып тұрады.
Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 12 тәжірибелі маман қызмет атқарады. Басқарма басшысының орынбасары Руслан Жомартұлы Қабдолданов аталған салада 14 жыл жұмыс атқарады. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Оразай Нұржан Оразайұлы, ақпаратты қабылдау және талдау бөлімінің басшысы Ибраимова Ардақ Маратқызы, бас маман Кривко Оксана Юрьевна, Бейсекенова Жанар Манафқызының бұл мекемеде жұмыс істегендеріне он жылдай болса, олардан қалыспай еңбек етіп, тәжірибе жинақтап жатқан жас мамандар да саланың өркендеуіне үлес қосып келеді. Бұлардың жұмыстары бір арнаға тоғысып, салық төлеушілермен сапалы жұмыс істеп отыр. Алдағы атқарар міндет те аудан бюджетін толықтыру мен салық төлеушілер арасында жаңадан енгізілген қызмет түрлерін дендеп енгізуге бағытталған.
- Әңгімеңізге рахмет. Еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз