Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Талғат Манапұлы Сарманов, аудандық маслихат хатшысы:
- Жалпы, елдіктің ең әуелгі іргетасын қалаған мемлекет қай-раткерлерінің есімін елордаға берудің үлгілі үрдісі бұрыннан бар. Бұл ретте тарих парақтарынан сан мысал келтіруге болады. Бұл атаулардың басым бөлігі белгілі дәрежеде халықтың, мемлекеттің болмыс-бітімімен астасып, сіңісіп кетеді.
Мейіргүл Мұралбек, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
- Тәуелсіздік тәңірдің берген тәтті сыйы десек, оны сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу ел көшін бастаған Елбасымыздың елеулі еңбегі екенін ешкім жоққа шығара алмас. Олай дейтініміз, саяси көзқарасы қалыптасқан, жаңалық атаулыны қалт жібермейтін қырағы көз қазақ, қазақ қана емес-ау әлем халқы Қазақстанды егемендік алған алғашқы жылдардан бастап небір қиын қыстау сәттерден, сын сағаттардан ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлының сындар-лы саясаты арқасында өткенін жақсы білетіні анық.
23 наурыз күні облыс орталығында Көкпекті ауданының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өткізілді. «Fresh Marcet» сауда кешенінің аумағындағы сауда-саттық Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналды. Көкпектіден жеткен мол әрі арзан өнімге Өскемен тұрғындарының сұранысы жоғары болды.
Мерекелік жәрмеңкеге аудан аумағындағы шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілер қатысып, төл өнімін ұсынды. Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин берген мәлімет бойынша, бұл күні жәрмеңкеде 1.5 тонна жылқы еті, 3 тонна ірі қара еті және жарты тонна қой еті әкелінген. Сондай-ақ бал, картоп, орамжапырақ, балық және тағы басқа да өнімдер сатылымға шығарылды. Әдеттегідей жәрмеңкеге шығарылған өнімдердің бағасы қаланың басқа коммерциялық базарларына қарағанда 10-15 пайызға төмен.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.